Page 110 - Оку жане тил дамыту_Окулык_3-сынып
P. 110

special.edu.kz.
 special.edu.kz.




                                                 Бір күндік қызық                                special.edu.kz.


                 Әнел әкесімен бірге қаланың сыртына серуенге шықты. Тау
             баурайы. Неше түрлі гүл өскен көгорай шалғын. Әкесі сурет сала-
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             тын аспабын құрып іске кірісті.

                 Әнел гүл арасынан ақ қанат көбелектерді байқады. Соңынан

             жүгіріп ойнай бастады. «Қалайша шаршамайды өзі? Қанаттары
             қалай талмайды? – деп ойлады Әнел. – Әлде менен үркіп, ұстап
             алады деп жүр ме екен?» Әнел енді көбелектерді қумай, алыстан

             бақылап тұрды.

                 – Көке, көбелек гүлден-гүлге неге ұшып-қона береді?  – деп
             сұрады ол.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                 – Ол гүлдерді жақсы көреді. Гүлдердің шырынын алуға асығып
             ұшқан болар.

                 – Неге асығады? – деді Әнел әкесіне таңырқай қарап. – Әлде
             мына гүлдер ертең солып қала ма?
                 – Жоқ, қызым, бұл гүлдер жаз ортасы ауғанша солмайды.

                 – Ана көбелек неге асығады, қайда асығады? – деп қоймады

             Әнел.
                 – Көбелектердің  көбі бір  күн өмір  сүреді. Табиғаты  сондай  –
             таң атқаннан кеш батқанша ғана созылады...
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                 – Кешке өліп қала ма? – деді Әнел көзі мөлтілдеп.

                 – Жоқ өлмейді. Олар гүлдің ұрығына айналып, жерге түседі.
             Содан ертең мына гүл сияқты боп шығады, – деді әкесі.
                 – Білдім, білдім! Көбелектің гүлдерге ұшып-қона беретіні – ол

             тезірек гүлге айналғысы келеді екен ғой. Қандай қызық!

                 Әнел үлбірек қанат көбелектерді тамашалап, көгорайдың ішін-
             де құмары қанғанша асыр салды.

                                                                                            (М. Айымбетов)

 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.






             108
   105   106   107   108   109   110   111   112   113   114   115