Page 114 - Оку жане тил дамыту_Окулык_3-сынып
P. 114
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Гүлдер, көбелектер special.edu.kz.
Күн күркіреді. Күллі өсімдіктерді көңілдендіре сәуірдің жаңбыры
жауып өтті. Сәуірдің саф күмістей таза, мөлдір суына шомылған
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
ұлпа бұлттар, шүйгін шөптер, көк ормандар көз тарта құлпырады.
Қызғалдақтардың қызылды-жасылды жібек қанаттарына күміс
тамшылар тұрып қалды. Күміс тамшылар көк жапырақтарына,
қызыл, сары гүлдердің үлбіреген ернеулеріне шашылған гауһар
ұнтақтары сияқты жалт-жұлт етті.
Ауыл алдындағы Қызғалдақты деп аталатын жазықта бірі қы-
зыл, бірі көк киген топ бала жалаң аяқ гүл теріп жүр. Оларда ал-
дарынан көрінген әрбір гүл: «Маған кел, мені ал, мені иіске!» – деп
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
шақырып тұрғандай. Бір гүлден бір гүл әдемі көрінеді.
Ер бала:
– Мен көп теремін, – десе, қыз бала:
– Жоқ, сенен мен көп теремін, – деп бірімен-бірі бәсекелесті.
Қызыға-қызыға ауылдан ұзап та бара жатты. Ұзаған сайын гүл
де көбейе берді, гүл басында отырған көбелектер де көбейе берді.
Гүл деп ұстағандары көбелек боп ұша жөнелгендері де болды.
Сонда барып балалар аялдап:
– Қой, енді ауылға қайтайық. Бұл жерде гүл де гүл, көбелек те
special.edu.kz. special.edu.kz. (Ө. Тұрманжанов)
special.edu.kz.
гүл екен. Төрт-бес қызылды-жасылды көбелек бір-бірімен топта-
са ұшса, тіпті гүлден айырмасы жоқ. Ұшып жүретін қанатты гүл
екен дейсің де қоясың. Не ғажап бұл?! Тамаша! – деді.
көңілдендіре – қуанта
шүйгін шөптер – қалың өскен шөптер
үлбіреген ернеулеріне – жыртылайын деген шетіне
бәсекелесті – жарысты
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
топтаса – бірігіп
112