Page 117 - Оку жане тил дамыту_Окулык_3-сынып
P. 117
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Өзен special.edu.kz.
Таулардан өзен ағар сарқыраған,
Айнадай сәуле беріп жарқыраған.
special.edu.kz. Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта, special.edu.kz.
special.edu.kz.
Аралап тау мен тасты арқыраған.
Көңілің суын ішсең ашылады,
Денеңде бар дертіңді қашырады.
Өксіген оттай жанып жануарлар,
Өзеннен рақат тауып басылады.
Қынарда тілсіз тұрған тоғайлары
Шуылдап желмен бірге бас ұрады...
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
(Ы. Алтынсарин)
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
қынарда – жағасында
1. Өзен таудан қалай ағып жатыр?
2. Судың адам өмірінде қандай маңызы бар?
3. Өзеннен су ішкен жануарлар қалай болады?
4. Өзеннің табиғатқа қандай пайдасы бар?
Сурет бойынша табиғатты сипатта.
Өзен қай жақтан бастау алып ағып жатыр? Өлеңнен тап. Оқы.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Өзеннің адам өміріне, жануарларға, табиғатқа қандай пайдасы бар?
Өлеңді мәнерлеп оқы.
115