Page 122 - Оку жане тил дамыту_Окулык_3-сынып
P. 122

special.edu.kz.
 special.edu.kz.



                                                     Ұлттық киім                                 special.edu.kz.


                 Әр халықтың өз ырымдары, өз ерекшеліктері сонымен бірге өз

             ұлттық киімдері де болады. Қазақ халқының киімдері жас шама-
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             сына қарай ерекшеленген. Жастар киімі ою-өрнекті, қызыл-жа-

             сыл болса, үлкендер киімінде өрнектер болады.
                 Киім-кешек үшін, негізінен, малдың жүні мен терісі пайдала-

             нылады. Сонымен бірге сән-салтанатқа арнап ерекше құнды ма-
             териалдан тіктіретін болған. Қазақтың киім-кешектеріне: тақия,

             бөрік, сәукеле, шапан, тон, қамзол, бүрмелі көйлек, етік тағы
             басқалары жатады. Бұл киімдер түр-түрге бөлінеді.

                 Сырт киімдер: шапан, тон, тұлып, тымақ, етік.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                 Бір киер: той думанда киетін қымбат материалдан сәнді етіп
             тігілген киімдер.
                 Қазақ халқы баскиімді аса қадірлейтін болған. Бұл баскиімдер

             екіге бөлінеді: ер адамдарға, әйел адамдарға арналған.
                 Ер адамдарға: тақия, бөрік, тымақ.

                 Әйел адамдарға: тақия, сәукеле, бөрік, орамал, кимешек.
                 Сәукеле – ең сәнді, күрделі баскиім. Сәукеле – қалыңдықтың

             баскиімі. Оны той өткенше киетін болған. Сәукелені асыл тастар-
             мен, алтын, күміспен әшекейлейтін болған.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                 Тымақ пен бөрікті аң терісінен жасап, барқытпен, атласпен тыс-
             таған.

                                                                             («Ақ желкен» журналынан.)

                     ырым – ниет, тілек
                     сәукеле – қалыңдықтың баскиімі

                 тымақ – ер адамның баскиімі
                 тұлып – сырткиім

                 тыстаған – қаптаған

 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                      1. Ұлттық киімдер қандай болып бөлінеді?
                      2. Киімдер неден тігіледі?


             120
   117   118   119   120   121   122   123   124   125   126   127