Page 124 - Оку жане тил дамыту_Окулык_3-сынып
P. 124

special.edu.kz.
 special.edu.kz.




                                                      Тұсаукесер                                 special.edu.kz.

                 Жолға кілем төсейік,

                 Тұсау жібін кесейік.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                 Берсін уыз батасын,

                 Шақырыңдар атасын.
                 Қаптың аузы ашылсын,

                 Құрт-ірімшік шашылсын.
                 Көрші-қолаң, келіңдер,

                 Қаз басқанын көріңдер.
                 Қаз-қаз, балам, алдымда,

                 Қызық күнің алдыңда.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                 Томпаң-томпаң басқаның –
                 Өмір жолын ашқаның.
                 Қадамыңды аш, құлама,

                 Ұят, енді жылама.
                 Тәтті әжеңнен алғайсың,

                 Кәне, жүріп барғайсың!

                                                             (Б. Ысқақов)



                     тұсаукесер – сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деп
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                     жасалатын ырым

                 бата – алғыс айту, тілек білдіру деген сөз
                 қаз басқаның – жүргенің




                      1. Баланың тұсауын немен кеседі?
                      2. Балаға батаны кім береді?
                 3. «Тұсаукесерге» кімдерді шақырады?
                 4. Тұсау кескенде не шашады?
                 5. Тұсауын кескен соң бала қалай жүреді?
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                 6. Әжесі не береді? Ол үшін не істеу керек?
                 7. Неліктен өлең «Тұсаукесер» деп аталған?




             122
   119   120   121   122   123   124   125   126   127   128   129