Page 121 - Оку жане тил дамыту_Окулык_3-сынып
P. 121
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Бесік жыры special.edu.kz.
Әй, әй, бөпем, әй, бөпем,
Ән айтайын, бал бөпем.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Ән тыңдағың келсе егер,
Және айтайын, жан көкем.
Бөпем менің ай ма екен?
Шекер ме екен, бал ма екен?
Ойнақтап бір бәйгеден
Озып келер тай ма екен?
Әй-әй, бөпем, әй, бөпем,
Ұйықтадың ба, бал бөпем?
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Алдағанға көнетін
Аңқау бөпем қайда екен?
(Б. Ысқақов)
бесік жыры – сәбиді ұйықтатарда айтылатын ән
шекер – қант
1. Балаға ұйықтарда бесік жырын кім айтады?
2. Анасы баласын қандай сөздермен еркелетеді?
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
3. Баласын анасы неге теңейді?
4. Өлең неліктен «Бесік жыры» деп аталған?
Баласына анасы ұйықтатарда қандай өлең айтады? Баланы неге
бөлейді? Сурет бойынша айт.
Анасы баласын қалай еркелетіп ұйықтатты? Өлеңнен тауып оқып бер.
Өлеңнен өзіңе ұнаған шумағын жатта.
Анасы баласын неге теңейді? Сен қандай бесік жырын естідің? Өлеңді
жаттап ал.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
119