Page 130 - Оку жане тил дамыту_Окулык_3-сынып
P. 130

special.edu.kz.
 special.edu.kz.




                                        Түскі тамақ пен кешкі тамақ                              special.edu.kz.


                 Таңертең бала жұмыссыз үйде отырды. Түскі асты ішетін уақыт-
             та анасы ет пен сорпа әкелді. Бала сорпаны татып қарады да:
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             «Бүгін сорпа дәмсіз екен», – деді. Анасы: «Бұл дәмсіз болса, кешке

             дәмді сорпа пісіріп беремін», – деді.

                 Түскі тамақтан соң әкесі шөп тасыды. Баласы әкесіне көмек-
             тесіп, шөптің төбесіне шықты. Кешке шаршап үйіне келді. Анасы
             кешкі тамаққа түстен қалған сорпаны, нанды дастарқанның үсті-

             не қойды. Баласы сорпаны татып байқады да:

                 – Түстегі сорпадан мына сорпа дәмді,– деді.
                 – Бұл түстегі сорпаның қалғаны. Саған бұл сорпаның дәмді
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             болғаны – сен түстен кейін жұмыс жасадың. Қатты шаршадың.
             Таңертең ешбір жұмыссыз үйде отырған соң саған ас дәмсіз

             көрінді, – деді анасы.

                                                                                                  (С. Көбеев)



                     татып байқады – тамақтың дәмін көрді



                      1. Таңертең бала не істеді?
                      2. Анасы түскі асқа қандай тағам әкелді?
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                 3. Балаға сорпа ұнады ма?
                 4. Анасы кешке қандай сорпа пісіріп беремін деді?
                 5. Бала түстен кейін кімге көмектесті?
                 6. Бала әкесіне қалай көмектесті?
                 7. Анасы кешкі тамаққа не жасап берді?
                 8. Балаға кешкі тамақ ұнады ма? Неліктен ұнады?
                 9. Кешкі тамақ неге дәмді болды?


                          Мәтін бойынша берілген тірек сөздерді оқып, әңгіме құра.


 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                 Тірек сөздер: бала, жұмыссыз, таңертең, анасы, түскі тамақ,
             дәмсіз сорпа.



             128
   125   126   127   128   129   130   131   132   133   134   135