Page 134 - Оку жане тил дамыту_Окулык_3-сынып
P. 134

special.edu.kz.
 special.edu.kz.




                                                Нан қайдан келді?                                special.edu.kz.
                                                         (ертегі)


                 Бір күні тышқан нан дүкеніне кірді. Жаңа піскен нан иісіне қы-
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             зыққан Тышқан бір нанды кеміре бастады. Осы кезде күзетші

             келіп қалды. Тышқан зып беріп тысқа атып шықты. Бірақ алысқа
             ұзамады. «Апыр-ай, қайдан келді екен осыншама нан? Біліп алып

             шыққан жеріне кірсем, ә!» – деп қызығып кетті.
                 – Нан, нан, сен қайдан келдің? – деді.

                 – Сатушыдан сұра, – деді нан. Тышқан сатушыға келді.
                 – Сатушы, сатушы, нан қайдан келеді?

                 – Наубайшыдан сұра, – деді сатушы.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                 Тышқан наубайшыға келді. Мұнда көп адам нан пісіріп жатыр
             екен.
                 – Нан қайдан келеді? – деді наубайшыға келіп.

                 – Диірменшіден сұра, – деді наубайшы.
                 Тышқан диірменшіге келді. Диірмен тасы тынымсыз шыр айна-

             лады. Екі адам ұн тартып тұр.
                 – Диірменші, диірменші, нан қайдан келеді? – деп сұрады.

                 – Комбайншыдан сұра, – деді қырманшы қарт.
                 Тышқан далада егін орып жүрген комбайншыға келді.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                 – Комбайншы, нан қайдан келеді? – деп сұрады.
                 – Көктемде тракторшы жер жыртады. Тұқым себуші тұқым се-

             беді. Егіншілер оны күтіп-баптайды. Көп еңбек жасайды. Міне, қа-
             лың астық – сол көп еңбектің жемісі. Нан еңбек арқылы табыла-

             ды, – деді комбайншы.
                 – Ой, қиын ғой. Мен шалқайып жатып-ақ таба беремін, – деді

             тышқан.

                                                                                          (М. Етекбаевтан.)

 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.






             132
   129   130   131   132   133   134   135   136   137   138   139