Page 138 - Оку жане тил дамыту_Окулык_3-сынып
P. 138

special.edu.kz.
 special.edu.kz.




                                                     Дәмді сорпа                                 special.edu.kz.

                 Жағыпар мен Жапар көлге қармақ салып, бірнеше балық ұстап

             алды. Оны өздерінің шелектеріне салып, тазалап, астына от жағып
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             пісірді. Сорпаға қосатын не тұз, не пияз, не бұрыш жоқ. Сонда да

             піскен соң таза ауада рақаттанып іше бастады. Біріне-бірі:
                 – Сорпа дәмді болды, – десіп қояды.

                 Күн еңкейе бұлардың қасына қой бағып жүрген Жарылғап кел-
             ді. Ол әзілдеп:

                 – Сорпа дәмді болсын, – деді.
                 – Өзі де дәмді, – деді Жағыпар.

                 – Аттан түсіп, дәмін көр, – деді Жапар.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                 Жарылғап атын байлап қойып, бірге отырып сорпа ішті.
                 – Балықтың сорпасына еңбектерің сіңген екен, термен келген
             ас дәмді болады, – деді күліп.

                 Жағыпар мен Жапар біріне-бірі жымия қарасты.

                                                                                            (М. Төрежанов)



                     қармақ – балық аулауға арналған құрал

                     күн еңкейе – түстен кейін
                 еңбектерің сіңген екен – жұмыс жасап, өздерің
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                 аулағаннан кейін деген мағынада




                      1. Жағыпар мен Жапар қайда келді?
                      2. Балалар балықтан не жасады?
                 3. Олар сорпаға не қосты?
                 4. Балаларға сорпа ұнады ма?
                 5. Түстен кейін олардың қасына кім келді?
                 6. Жарылғап не істеп жүр екен?
                 7. Жарылғап балық сорпасы туралы не деді? Оған сорпа ұнады ма?
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                 8. Мәтін неліктен «Дәмді сорпа» деп аталған?





             136
   133   134   135   136   137   138   139   140   141   142   143