Page 140 - Оку жане тил дамыту_Окулык_3-сынып
P. 140

special.edu.kz.
 special.edu.kz.




                                                      Алтын бала                                 special.edu.kz.

                 Күләш апай ас дайындап жүр. Тамақтың қамырын жаймақ бо-

             лып дайындаған суының тұзын көрді де:
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                 – Қап, ұмытып кетіппін-ау! Зәукен, тез Нағима апаңның үйінен

             тұз әкеле қойшы!
                 Зәукен тұра жөнелді. Күләш апай қамырын илей алмай күтіп

             отыр. Зәукен келмеді. Әрі күтті, бері күтті. Ақыры шыдамы тау-
             сылды.

                 – Әлгі бала қайда жоғалып кетті? – деп далаға шықты. Мақта-
             нып келе жатқан ұлын көрді.

                 – Тұз қайда?
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                 – Апатай, ұмытып кетіппін... – деді де, қайта кетті. Екеуінің сөзін
             естіген Бейсен ата:
                 – Зәукенге ұрыспа! Ол азамат болады. Оны кешіктерген мен

             едім. Үш-төрт күннен бері радиом сөйлемей қалған. Ол радиом-
             ды жөндеп берді. Зәукен радио жөндейтін үйірмеге қатысады

             екен. Радионың қобдиын ашып көрді. Жіңішке қызыл сымды бір
             бұрандаға қосып бекітті. Радиом сөйлей жөнелді. Ой, азамат

             екен өзі!

                                                                                             (С. Тұрдалиев)
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.

                     шыдамы таусылды – күтіп шаршады

                     үйірме – қосымша өтілетін сабақтың түрі
                     қобдиын ашты – қорабын ашып көрді




                      1. Күләш апай не жасап жатыр?
                      2. Зәукенді кімнің үйіне жұмсады?
                 3. Зәукен не алып келуге кетті?
                 4. Зәукен неге кешікті?
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                 5. Бейсен ата неге балаға ұрыспа деді?
                 6. Бейсен атаға Зәукен қалай көмектесті?
                 7. Зәукен қандай үйірмеге барып жүр екен?


             138
   135   136   137   138   139   140   141   142   143   144   145