Page 142 - Оку жане тил дамыту_Окулык_3-сынып
P. 142
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Алғашқы көмек special.edu.kz.
– Үйде ата-аналарыңа көмектесетін болыңдар, – деді апай ба-
лаларға.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Апайдың бұл сөзін кішкентай Ұлтай есіне мықтап сақтап қалды.
Ол үйге келсе, әкесі жұмыстан келген екен.
– Әке, шай қайнатып берейін бе? – деді Ұлтай.
– Жоқ, шырағым! Әлі кішкентайсың ғой, – деді әкесі. Әкесі шай
қоюға шығып кетті.
Ұлтай үндемей үйде қала берді. Бір кезде ол суланған шүбе-
ректі алды. Шай ішетін үстелдің үстін сүртті. Кеселерді тазалай
бастады. Әкесі үйге кіріп келіп, қызының жұмысын көрді.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz. (Ж. Бұғыбаев)
– Көп жаса, қызым! Үлкен қыз болып қалыпсың ғой өзің, – деп
күлімсіреді.
1. Апай балаларға не айтты?
2. Ұлтай әкесіне қалай көмектесті?
3. Ұлтай ата-анасына бірінші рет көмектесіп тұр ма?
4. Мәтін неліктен «Алғашқы көмек» деп аталған?
Апайдың айтқан қандай сөзі Ұлтайдың есінде қалды? Мәтіннен
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
тауып оқы.
Мәтіннен Ұлтайдың әкесіне қандай көмек көрсетпек болғанын тауып
оқып бер.
Ұлтай үйінде қандай жұмыс атқарды? Әңгімелеп бер. Әкесі Ұлтайға
қандай бата берді? Оқы.
Есте сақта!
Бата – жақсы тілек білдіру. Батаны құрметті ақ-
сақалдар, үлкендер береді. Батаны жақсы бол, көп
special.edu.kz.
special.edu.kz. жаса, сабағыңды жақсы оқы деп те беруге болады.
special.edu.kz.
140