Page 148 - Оку жане тил дамыту_Окулык_3-сынып
P. 148
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Жанкүйерлер special.edu.kz.
Екі самайынан тер моншақтары сорғалаған қара домалақ бала
қақпаға жақындай түсті. Соңғы шабуыл. Ең шешуші сәт.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
– Ал-мас-с! Ал-мас-с!
Футбол алаңын қоршап тұрғандар шулап қоя берді. Жанкүйер-
лер сенімін қалай да ақтау керек. Намысқа тырысқан Алмас
жанұшыра алға ұмтылды. Әне – қарсыластар қақпасы. Алмас оң
аяғын шірене сілтеп қалды.
– Го-о-л!
Осы сәтті күтіп тұрғандай төреші де ысқырды. Ойын аяқталды.
Жанкүйерлер жеткен бойда Алмасты жерден тік көтеріп алды.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
– Жарайсың, Алмас! Біз саған ризамыз!
Бұл жеңіске денешынықтыру пәнінің мұғалімі Ғабит ағай ерек-
ше қуанды.
– Біз бүгін досымызды қыдыртамыз! – деді Әбен. Сол-ақ екен
оны қолдаушылар көбейді.
– Дұрыс, бәріміз киноға барайық! Суретке түсейік! Ең қызығы,
чемпионды балмұздаққа бір тойдырайық!
Достары озат футболшы үшін ештеңесін аяр емес. Қалтала-
рындағы соңғы ақшаларын жинастырып ортаға салды.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
(Ә. Файзуллаев)
жанкүйерлер – ойынға қызығып, қолдау көрсететін адам
жанұшыра ұмтылды – алға қарай қатты жүгірді
шірене сілтеп – бұл жерде: «қатты тепті» деген мағынада
төреші – ойынның дұрыс өтуін бақылайтын адам
1. Балалар қай ойын түрін ойнап жүр?
2. Қақпаға кім доп салды?
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
3. Жанкүйерлер Алмасты қалай қарсы алды?
4. Бұл жеңіске кім ерекше қуанды?
146