Page 150 - Оку жане тил дамыту_Окулык_3-сынып
P. 150

special.edu.kz.
 special.edu.kz.




                                                      Аппақ бала                                 special.edu.kz.


                 Асан ойыннан асығып келді. Оның аппақ жүзі анардай қыза-
             рыпты.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                 – Апа, тамақ ішемін! – деді ол аптығып.

                 – Ас дайын, балам. Жуынып кел, – деді анасы.

                 – Беті-қолымды кеше жуғанмын! – деді Асан абыржып.
                 Асыл ана Асанның шашының өскенін, тырнағының алынбаға-
             нын енді байқады. «Кеше жуынғанмын» деп тұрған баласын аяп:

                 – Балам, үсті-басыңды таза сақта, – деді анасы.

                 – Тазамын ғой.
                 – Балам, таза болсаң, денің сау болады. Шынықсаң, сымбатты
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             жігіт боласың.
                 – «Сымбат» деген не?

                 – Шынықсаң, таза жүрсе, бойың түзу, өзің сұлу жігіт боласың.
                 Асан қабырғадағы айнаға қарап, өзінің таңқиған танауындағы
             кір-қожалақты көрді. «Ұят-ай, Тырнағым өсіп, шашым қобырап не

             болып кеткенмін? Нағыз жігіт осындай бола ма?» – деді ішінен.

                 – Апатай, кешіріңіз! Қазір жуынамын,– деді ол.
                 Асан енді күнде шынығып, таза жүретін болды. Апасы оны «ап-
             пағым» дейді. Ал ағайындары Асанды «аппақ бала» деп жүр.
                      аптығып – асығып special.edu.kz.
 special.edu.kz.                                                                                 special.edu.kz.
                                                                                             (Ә. Табылдиев)



                      анардай қызарыпты – беті қызыл



                 абыржып – сасқалақтап

                 үсті-басыңды – денесі, беті-қолы деген мағынада
                 сымбат – көркем, әдемі, сұлу болып

                 кір-қожалақ –   беті-қолын жумаған, лас
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                 шашы қобырап – шашы таралмаған





             148
   145   146   147   148   149   150   151   152   153   154   155