Page 20 - Оку жане тил дамыту_Окулык_3-сынып
P. 20
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Көкөніс сорпасы special.edu.kz.
Апасы бақшадан қырыққабат, картоп, сәбіз, қызылша, пияз
әкелді. Асан мен Оспан қызыл сәбізді көріп: «Маған берші», – деп
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
сұрай бастады. Апасы екі сәбізді тазалап жуып берді. Балалар
сәбізді жеп отырып: «Өте дәмді», – деді.
Апасы қазанға су құйып, отқа қойды. Сонан соң ол көкөністерді
тазалап жуды. Пышақпен ұсақтап турады. Қазандағы су қайнады.
Апасы қазанға картопты салды. Ал сәбіз бен пияз, қызылшаны
майға қуырып салды. Ең соңынан қырыққабатты турап салды.
Түскі аста көкөніс тағамын ішіп отырып, бәрі: «Қандай дәмді», –
деді.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
қырыққабат – кей аймақтарда орамжапырақ
деп те аталады.
1. Асан мен Оспанның апасы бақшадан қандай көкөністер әкелді?
2. Асан мен Оспан апасынан қандай көкөніс сұрап алды?
3. Апасы түскі асқа қандай тамақ пісірді?
4. Көкөніс сорпасын қалай дайындады? Балаларға көкөніс сорпасы ұна-
ды ма?
special.edu.kz. Тыңда. Оқы. special.edu.kz.
Осы көкөністердің ішінен саған қайсысы ұнайды? Неге? special.edu.kz.
Көкөністер: қырыққабат, картоп, сәбіз, қызылша, пияз.
Оқы. Берілгендердің қайсысы көкөністерге жатпайды? Неге? Сөз-
дерге сұрақ қой?
Пияз (қандай?), алма (қандай?), сәбіз (қандай?), қызылша (қан-
дай?), алмұрт (қандай?), қырыққабат (қандай?).
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Мәтіннен апасының көкөніс сорпасын қалай жасағанын тауып оқы.
Көкөністен жасалған сорпаны ұнатасың ба?
18