Page 24 - Оку жане тил дамыту_Окулык_3-сынып
P. 24
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Жанашыр special.edu.kz.
Атасы кішкентай немересі Болатты күзгі баққа әкелді.
– Мына жеміс ағаштарының түбін тазартсақ, келесі жылы жақ-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
сы өнім береді, – деді атасы. Екеулеп қолдарына күрек, қалақ
алып іске кірісті.
Кенет Болат атасынан біраз аулақтап кетті. Алты жасар бала
жер шұқып жүріп жалаңаштанып қалған жауынқұртты байқады.
Ол қазып жүрген жерін жөніне қалдырды. Сөйтті де, жеңіл-желпі
шөп-шалаң жинады.
Немересінің әлдебір жұмыс жасап жүргенін байқаған атасы
жанына келді. Ол атасына:
special.edu.kz.
– Мына құрт тоңып қалмасын деп үстін шөппен жауып жүрмін, –
special.edu.kz. special.edu.kz. (Ж. Кенжалиевтен.)
деді Болат.
Атасы күліп қойды. Екеуі жұмысты одан әрі жүргізе берді.
жақсы өнім береді – жемісі көп болады
аулақтап – алыстап кетті
іске кірісті – жұмысқа кірісті
жауынқұрт – жаңбырдан кейін жер бетіне шығатын жәндік
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
жалаңаштанып қалған – қабығы түсіп қалған
жанашыр – қамқор болу, аяушылық таныту, көмектесу
1. Атасы немересі Болатты қайда ертіп әкелді?
2. Олар қолдарына күрек алып не істеді?
3. Болат бақтан нені байқап қалды?
4. Шөптерді не үшін жинады?
5. Жауынқұртына ол қандай қамқорлық көрсетті?
6. Жауынқұртының топыраққа қандай пайдасы бар?
7. Болатты қандай бала деп ойлайсыңдар?
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
8. Неліктен мәтін «Жанашыр» деп аталған?
22