Page 51 - Айналадагы алем 3-кл Окулык 2-болим
P. 51
special.edu.kz.
special.edu.kz.
2. Суреттерді қара және оқы. special.edu.kz.
Қазақ ер адамдарының ұлттық киімдеріне
жейде, шалбар, бешпент, шапан, тон жатады.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Ер адамдар жазда бастарына тақия киген.
Қыстыгүні киілетін тымақ пен бөрікті мал, аң
терісінен тігіп, сыртын жылы әрі қымбат мата-
лармен тыстаған. Қазақ халқы баскиімді қа-
сиетті киім санаған. Баскиімді жерге тастауға,
аяқпен басуға, басқа біреуге сыйлауға болмай-
ды.
Аяқтарына үйде мәсі, жазда жеңіл былғары
етік, ал қыста саптама етік киген.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Балалардың киімі ерсектердің
киіміне ұқсайды. Олар ашық түсті
матадан тігіліп, ою-өрнекпен әше-
кейленген.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Қазақтың ересек ер адамы мен кішкентай баласының киімдерін көрсет
және ата.
Ер адамның ұлттық киімінің заттарын ата. Қазақтың қыстық аяқкиімі
қалай аталады? Оны неден тіккен? Баскиімдер қалай аталады?
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Ересектер мен балалардың ұлттық киімдерін ата. Сенің ағаң, әкең және
атаң қандай киім киеді?
49