Page 52 - Айналадагы алем 3-кл Окулык 2-болим
P. 52
special.edu.kz.
3. Оқы. special.edu.kz. special.edu.kz.
Қазақ әйелдерінің ұлттық киімдеріне көйлек, қамзол, шапан,
ішік жатады. Бойжеткен қыздардың көйлегі ұзын, қос етекті, ал
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
үкілі тақиясы мен қамзолы неше түрлі моншақтармен, түрлі-түсті
жіптермен әйшекейленген. Суықта бастарына бөрік киетін.
Қалыңдық тойда басына сәукеле киген. Жас әйелдер басына
ормал тартып, үлкендері кимешек киген.
Аяқтарына көбінесе былғарыдан тігілген мәсі, етік, суықта етік-
тің ішінен киізден тігілетін байпақ киетін.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Қыз баланың басына үкісі бар тақия, ашық түсті матадан тігіл-
ген көйлегінің сыртына желетке кигізген. Оларды әдемі көрінсін
деп ою-өрнекпен не моншақтармен өрнектеген.
Аяқтарына былғарыдан тігілген жұмсақ және жеңіл етік кигіз-
ген.
Бойжеткен қыз бен кішкентай қыздың киімдерін көрсет және ата.
Қыздарға, қалыңдыққа арналған ұлттық киім заттарын ата. Әйел
адамдар басына не киеді? Қалыңдықтың баскиімі қалай аталады?
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Бойжеткен қыздар мен кішкентай қыздар киетін киімді ата. Саған қыз ба-
лалардың киімі несімен ұнайды? Сенің әпкең, анаң, әжең қандай киім киеді?
50