Page 101 - 5.1.1
P. 101

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



                                     Нәтиже сабақ                                                special-edu.kz.

                1-тапсырма.  Көп  нүктенiң  орнына  тиiстi  септiк  жалғауын
        қойып, сөйлемдердi көшiр.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
            1.  Ұшақ  әуежай...  ұшты.  Ол  аспан...  көтерiлдi.
        2. Трактор жер жыртты. Жыртылған жер... көп қарғалар
        ұшып жүр. Олар құрт-құмырсқалар... терiп жүр. 3. Әбен

        атасы... үйге қайтты. 4. Жусан... иiсi.

                2-тапсырма. Төмендегi сөздердi септе.

            Жер,  қараторғай,  көмекшiлер,  балапан,  көбелек,  бө-
        бек, еңбек.

                3-тапсырма. 1. Мәтiндi оқып, мазмұнын әңгiмеле.

                                         Жүйрiк ат
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
            Атамыз қазақ: «Ер  қанаты – ат» деген. Халқымыз
        төрт түлiк  малмен күн көрген. Малдың етiн жеп, сүтiн
        iшiп,  терiсiн  киiм  еткен,  жүнiнен  үй  әбзелдерi:  киiз,
        алаша,  текемет  жасаған.  Төрт  түлiк    малдың  iшiнде

        жылқыны халқымыз ерекше бағалаған. Бүгiнгiдей мә-
        шине  жоқ  кезде  айшылық  алыс  жерлерге  ат  мiнген.
        Тұтқиылдан жау шапса, бiр-бiр атқа мiнiп, дұшпанына
        тойтарыс берген.

            2. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойып, септік жалғаулар-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
        ды тап.


                   4-тапсырма. Сөйлемдердi көшiр. Сұрақ қойып, зат есiм-

        дердi тап.
            Көктем  келдi.  Жер  босап,  қар  ерiп  жатыр.  Қардың
        астынан  қылтиып  бәйшешек  көрiндi.  Бәйшешектi  көр-
        ген Алмас пен Қанат мәз-мейрам болды. Жылғалардан су
        ақты.



                                                                                    99
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   96   97   98   99   100   101   102   103   104   105   106