Page 103 - 5.1.1
P. 103
special-edu.kz.
special-edu.kz.
БІЗ СПОРТТЫ ТАҢДАЙМЫЗ special-edu.kz.
Сын есім туралы түсінік
Заттың сынын, сипатын, түрін, көлемін, сапасын,
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
дәмін білдіретін сөздерді сын есім дейміз.
Сын есімдер қандай? қай? деген сұрақтарға жауап
береді. Мысалы: биік үй, қара тақта, ақ бор, жылы
киім деген тіркестердегі биік, қара, ақ, жылы сөздері –
сын есімдер.
Сын есімдер заттың мынадай белгілерін білдіреді:
Заттың түрін, түсін білдіретін сын есімдер: ақ, қара,
көк, жасыл, сұр, қоңыр, құла, күрең т.б.
Заттың көлемін, аумағын, салмағын білдіретін сын
есімдер: ауыр, жеңіл, кіші, үлкен, тар, ұзын, алыс,
жақын т.б.
special-edu.kz. Футбол special-edu.kz.
special-edu.kz.
1-тапсырма. Мәтінді оқып, ішінен сын есім сөздерді ата.
Оларға сұрақ қой.
Футбол адамның денесін шымыр етеді. Сүйектерін қа-
тайтады. Футбол ойнаған адам икемді болады. Футболшы
жылдам ойлауы қажет. Ойын адамның ақылын дамытады.
Футбол адамдардың сүйікті спорт түріне айналды.
2-тапсырма. Сөйлемдерді көшіріп жазып, сын есімдердің
астын сыз, оларға сұрақ қой.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Денсаулыққа барлық спорт түрі пайдалы. Бірақ ең
пайдалысы – жүру, жүгіру. Жүгіру адамның денесін
шынықтырады. Жүгіру кезінде қан айналымы жақса-
рады. Сүйектер мықты болады. Жүгіру асты қорытады.
Жүйке жүйесі тынышталады.
3-тапсырма. Мына қатарды жалғастыр.
Қарындаш қандай? – Көк, сары, ... , ... , ... , ... .
Балапан қандай? – Әдемі, ... , ... , ... , ... .
101
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.