Page 108 - 5.1.1
P. 108
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Есептік және реттік сан есім special-edu.kz.
Сан есім есептік және реттік болып бөлінеді.
Қанша? неше? сұрақтарына жауап беретін сан
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
есімдерді есептік сан есім дейміз. Екі, үш, тоғыз.
Нешінші? сұрағына жауап беретін сан есімдерді рет-
тік сан есім дейміз: екінші, үшінші, тоғызыншы.
Реттік сан есім есептік сан есімге -ыншы, -інші,
-ншы, -нші жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.
1-тапсырма. Мәтінді оқы. Сан есімді тап. Оларға сұрақ қо-
йып, салыстыр. Бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?
Біз үш қабатты жаңа мектепте оқимыз. Менің сыны-
бым үшінші қабатта. Бүгін біздің сыныптан үш оқушы
шахматтан қалалық жарысқа қатысты. Айбар бірінші
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
орынды жеңіп алды. Айсұлу мен Қанат үшінші орынға
ие болды.
2-тапсырма. Мәтінді оқып шығып, сан есімдерді тауып,
түрін ажырат.
І. Кит – ең ірі жануар. Бұлардың ішінде, әсіресе ең
үлкені – көк кит. Жалпы киттің ұзындығы – 33 метр,
салмағы 120 тоннадай болады. Кит салмағы жағынан 25
пілге немесе 120–150 өгізге пара-пар келеді. Ірі киттің
жүрегінің салмағы 600 – 800 килограмға дейін барады.
ІІ. Құрлықтағы ең ірі жануар – Африка пілі. Салмағы
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
алты тонналық алыптың биіктігі – 3 метр, ұзын тұрқы
4,5 метрге дейін жетеді.
(«Балдырған» журналынан.)
3-тапсырма. Төмендегі сандарды сөзбен жазып, оларды реттік,
есептік түріне ажырат.
Үлгі: алты – алтыншы.
6, 18, 5, 32, 65, 56, 45, 4, 612, 325, 91, 187, 124, 3, 2,
8, 9, 2018.
106
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.