Page 111 - 5.1.1
P. 111

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



                              Есімдік туралы түсінік                                             special-edu.kz.


              Есім  сөздерді  (зат  есім,  сын  есім,  сан  есімді)
          ауыстырып,  солардың  орнына  жүретін  сөздерді
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
          есімдіктер деп атайды.
              Асан ауылға келе жатыр. Автобуста ол Сәкенмен
          кездесті. Олар үйге келгенше әңгімелесіп келді деген
          сөйлемдердегі ол сөзі Асан деген зат есімнің орнына
          қолданылса, олар сөзі Асан, Сәкен деген зат есімдер-
          дің орнына қолданылып тұр.
              Есімдіктер  мағынасы  мен  қызметіне  қарай  жеті
          топқа бөлінеді:
              1. Жіктеу есімдіктері. 2. Сілтеу есімдіктері. 3. Сұ-
          рау  есімдіктері.  4.  Өздік  есімдіктері.  5.  Белгісіздік
          есімдіктері. 6. Болымсыздық есімдіктері. 7. Жалпылау
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
          есімдіктері.
              Есімдіктер мыналар: мен, біз, сіз, сен, ол, өзі, кім?
          не? неше? қанша? қашан? қандай? қайда? Бұл, осы,
          бәрі, бар, барлық, түгел, біреу, әркім, бірдеме, бірне-
          ше, ештеңе, ешкім.


              1-тапсырма. Сөйлемдерді көшіріп, есімдіктердің астын сыз.
            1. Біз ермексазбен жұмыс жасадық. Мен оны иледім,
        жұмсарттым. Сен одан түйе жасадың. Сіз не жасадыңыз?
        Сіз  құман  жасадыңыз.  Барлық  балалар  жақсы  жұмыс
        жасады. 2. Мен күні бойы кітап оқыдым. 3. Бұл кино өте
        қызық. 4. Менің үйім анау тұрған. 5. Олар қайда кетті?
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
        6. Ол ауылға өзі кетті. 7. Кеше біздің  үйге біреу келді. 8.
        Ол маған сыбырлап бірдеме айтты.

                  2-тапсырма.  Көп  нүктенің  орнына  сұрау  есімдіктерін  қо-
        йып, сөйлемдерді көшір.

            1. Кітапхана ... ашылады?. 2. Мына мойыншалма ...
        теңге тұрады?. 3. Ол ... тоқылған?  4. Бұл мәшинені ...
        жүргізеді. 5. Шөпті түсірген ... . 6. Сіз қаладан ... кел-
        діңіз? 7. Сыныпта ... оқушы?

                                                                                   109
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   106   107   108   109   110   111   112   113   114   115   116