Page 115 - 5.1.1
P. 115

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



                              Етістік туралы түсінік                                             special-edu.kz.


              Қоян  қашты,  тазы  қуды  деген  сөйлемдердегі
          қашты,  қуды  сөздері  қоян  мен  тазының  қимылын
          сұрақтарға жауап береді. special-edu.kz.
 special-edu.kz.                                                                                 special-edu.kz.
          білдіріп тұр. Ал Әсима өлең оқыды, Мәншүк тыңда-
          ды сөздері Әсима мен Мәншүктің істерін баяндап тұр.
              Заттың  қимылын,  ісін,  күй-жайын  білдіретін  сөз
          табы етістік деп аталады.
              Етістіктер  не  қылды?  не  істеді?  қайтті?  деген

              Мысалы:  Құрылысшы үй салды. Егінші егін екті.
          Қар  еріді.  Күн  күркіреді.  Жаңбыр  жауды.  Жер  кө-
          герді.


                  1-тапсырма.  Сөйлемдерді  оқып,  етістіктерді  ата.  Оларға
        сұрақ қой.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
            Футболшы футбол ойнайды. Жүзгіш суда жылдам жү-
        зеді. Волейболшы допты биік шеңберге салады. Биші би
        билейді. Хоккейші хоккей ойнайды. Футболда спортшы
        допты  тебеді,  бірақ  қолмен  ұстамайды.  Балалар  скейт-
        бордпен айналысып жүр. Олар жарысқа қатысады.

              2-тапсырма. 1. Төмендегі «Ханталапай» мәтінін оқып, қандай
        ойын туралы екенін түсіндір.

                                      «Ханталапай»
            Асықпен  ойналатын  ойынның  бір  түрі  –  «Хантала-
        пай».  Ойынды  үлкендердің  басшылығымен  ойнайды.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
        Ойынға  қатысушы  балалардың  санына  шек  қойылмай-
        ды. Олар ойын жүргізушінің айналасына жарты шеңбер
        құрып отырысады. Ойын жүргізуші қолындағы асықты:
        «Ханталапай!» – деп ортаға қарай шашып жібереді. Отыр-
        ғандар тез-тез жиып алулары керек. Кім аз жиып алса,
        сол жеңілген болып есептеледі. Ойынның мақсаты – жыл-
        дамдыққа тәрбиелеу, жүйке жүйелерін шыңдау, қабілет-
        терін жетілдіру.

            2. Мәтін құрамынан етістікті тауып, астын сыз.
                                                                                   113
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   110   111   112   113   114   115   116   117   118   119   120