Page 119 - 5.1.1
P. 119
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Сөйлем. special-edu.kz.
Сөйлем мүшелерi туралы түсiнiк
• Сөйлем туралы түсінікті кеңейтуді;
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
• сөйлем мүшелерінің түрлерін анықтауды;
• сөйлемнің тұрлаулы мүшелері мен тұрлаусыз мүше-
лерін мәтіннен таба білуді;
• бірыңғай мүшелерді қатыстырып сөйлем құрасты-
руды;
• жалаң және жайылма сөйлемдердің анықтамасын
білуді;
• жалаң және жайылма сөйлемді ажырата білуді;
• сөйлем түрлерін анықтауды үйренемін.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Сөйлем жеке сөздерден немесе сөз тiркестерiнен
құралады. Олар белгiлi бiр сөйлем мүшесiнiң қызметiн
атқарады. Сөйлемнiң әрбiр мүшесi белгiлi бiр сұраққа
жауап бередi. Мысалы: Ернар мектептен көңiлдi
келдi деген сөйлемде 4 сөз, 4 сөйлем мүшесi бар. Кiм
келдi? Ернар – бастауыш; Ернар не iстедi? Келдi –
баяндауыш; Ернар қайдан келдi? Мектептен – то-
лықтауыш. Қалай келдi? Көңiлдi – пысықтауыш.
Сөйлем мүшелерi бес түрлi болады. Бастауыш,
баяндауыш, анықтауыш, толықтауыш, пысық-
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
тауыш.
1-тапсырма. Сөйлемдердi көшiрiп, сөйлем мүшелерiне сұрақ
қоюға жаттық.
Күн ұясына қонды. Өрiстен сиырлар қайтты. Ер-
лан қара сиырды мүйiзiнен байлады. Апам сиыр саууға
шықты. Бала бақшадан шөп жұлып әкелдi. Сиыр көк
шөптi жедi. Ерлан қаптан жем алып, сиырға бердi.
117
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.