Page 121 - 5.1.1
P. 121

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



                       Сөйлемнiң  тұрлаулы мүшелерi                                              special-edu.kz.


              Сөйлем құрауға болатын бастауыш пен баяндауыш
          тұрлаулы  мүшелер  деп  аталады.  Мысалы:  Көктем
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
          келдi деген сөйлемде Не келдi?  Көктем – бастауыш;
          Көктем не iстедi?  Келдi – баяндауыш. Сөйлемдегi ой-
          дың негiзi болатын мүшенi бастауыш деймiз.
              Бастауышқа кiм? кiмдер? не? нелер? деген сұрақтар
          қойылады.
              Мысалы: Қоңырау соғылды. Не соғылды?
              Балалар сабақ оқыды. Кiмдер сабақ оқыды?


                 1-тапсырма. Мәтiндi оқып, көшiріп ал. Әр сөйлемнiң неше
        сөйлем мүшесiнен құралып тұрғанын айт. Бастауыштың астын бiр,
        баяндауыштың астын екi сыз.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
            Көктемде  екi  торғай  ұшып  келдi.  Олар  шатырдың
        астына ұя салды. Бiраз күннен кейiн балапандар пайда
        болды.  Қос  торғай  оларға  жем  тасыды.  Балапандар  үл-
        кейiп, ұшып кеттi.

                 2-тапсырма. Сөйлемдердi оқы. Қарамен жазылған сөздерге
        тиiстi сұрақтар қой. Оларды сөйлемнiң қандай мүшесi деймiз?

            Үлгi: Самат ойнады. Кiм ойнады? – Самат.
            1. Раушан гүл тердi. 2. Мал өрiске шықты. 3. Дала
        көгердi. 4. Күн шуағын төктi. 5. Құлын асыр салып ойна-
        ды. 6. Атам даладан келдi. 7. Әжем тамақ пiсiрдi.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.

                 3-тапсырма. Көп нүктенiң орнына бастауыш қой.
            1. ... ерiп жатыр. 2. ... бүршiк жарды. 3. Далада қы-
        зыл, жасыл ... өсiп тұр. 4. ... жылы жақтан ұшып келдi.
        5. Аулаға ... отырғызылды. 6.  ... жер жыртты. 7. ... көк-
        темгi демалыстан мектепке оралды. 8. ... басталды.

            Керектi сөздер: ағаштар, гүлдер, көшет, қар, балалар,
        құстар, сабақ, тракторшылар.

                                                                                   119
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   116   117   118   119   120   121   122   123   124   125   126