Page 93 - 5.1.1
P. 93

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



                                       Атау септiк                                               special-edu.kz.


              Атау  септiк  зат  есiмдер  кiм?  не?  кiмдер?  нелер?
          деген  сұрақтарға  жауап  бередi.  Атау  септiк  сөздер
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
          басқа септiктегi сөздерге негiз болады.


                1-тапсырма.  Атау  септіктің  тұсына  тиiстi  сөздердi  қойып,

        көшiрiп жаз.

            Атау септік
                                  Кiмдер?
                                  Кiм?
                                  Не?
                                  Нелер?

            Керектi  сөздер:  жапырақ,  ағаш,  орманшы,  ата,  да-
        лалар, шөптер, қарағай, қайың, күзетшi, аңшы, аңдар,
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
        жусан, бүлдiрген.

                2-тапсырма. Сөйлемдердi оқы. Қарамен жазылған сөздерге
        кесте арқылы сұрақ қой.

            1. Әжем Динаға қолғап тоқыды. 2. Садық автобуспен
        үйге келдi. 3. Апам дүкеннен нан, сүт сатып алды. 4. Ас-
        пазшы тамақты дәмдi пiсiрдi. 5. Әскердегi ағамнан хат
        келдi. 6. Бөбектер ойыншықпен ойнады. 7. Пойыз ақы-
        рын қозғалды.

               3-тапсырма. Мәтiндi оқы, атау септiктегi зат есiмдердi айт.
        Оларға сұрақ қой.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
            Майра асүйде анасына көмектеседі. Кесе, тәрелке, ша-
        нышқы, қасық пен пышақты дұрыс қояды. Нан турай-
        ды.  Салат  жасайды.  Оның  отбасында  ет,  балық,  тауық
        және сүт тағамдарын жиі әзірлейді. Анасымен мектептегі
        жетістіктерімен бөліседі. Олар дастарқан басында үнемі
        әңгімелесіп отырады.


            Үлгi: кесе (не?)

                                                                                    91
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   88   89   90   91   92   93   94   95   96   97   98