Page 94 - 5.1.1
P. 94

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



                                             Iлiк септiк                                         special-edu.kz.



                   Ілiк септiк зат есiмдер кiмнiң? ненiң? кiмдердiң?
               нелердiң? деген сұрақтарға жауап бередi. Олар: -ның,
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
               -нiң, -дың, -дiң, -тың, -тiң  деген септiк жалғауларын
               жалғайды.


                     1-тапсырма. Iлiк септiктегi сөздердiң жалғауларын ата.

                                                      әке нiң
                 Iлік септік.  Кiмнiң?
                                   Кiмдердiң?  әкелер дiң
                                   Ненiң?             қозының
                                   Нелердiң?          қозылар дың


                       2-тапсырма. Төменде берілгендердің ненiң төлi екенiн ай-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
             тып, сөйлем құрап жаз.

                 1. Құлын, лақ, бұзау, қозы, бота.
                 2. Көжек, қонжық, бөлтiрiк.


                 Үлгi: Лақ – ешкiнiң (ненiң?) төлi.


                   3-тапсырма. Мына сөздердi iлiк септiкте қойып жаз.
                 Ұшқыш, алма, тау, мұнай, бұлбұл, дос, адам, Қайрат,

             кеншi, күн, жұмыртқа, бесiк.

                  4-тапсырма.  Сөйлемдердi  көшiрiп  жаз.  -тың,  -тiң,  -ның,  -нiң,
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
             -дың, -дiң жалғауларын сыз.

                 Ермектiң  бөлмесi  екiншi  қабатта.  Бөлменiң  терезесi
             үлкен. Бөлменiң ортасында дөңгелек үстел тұр. Үстелдің
             үстiнде  баланың  кiтаптары,  дәптерлерi,  қағаздары  жа-
             тыр.


                 Үлгі: Ермек тің



             92
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   89   90   91   92   93   94   95   96   97   98   99