Page 102 - Казак адебиетi_Окулык 5-сынып
P. 102
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Былай шыға бере Балтабектің реңі бұзылып, қабағы тү- special.edu.kz.
йіліп, көзін жыпылықтата берді. Баласына адырая қарап
ашуын төкті:
– Балам, мимырт болма!
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
– Неге «мимырт» боламын, Жәке?
– Өтекеңмен жөндеп амандаспайсың ба? Иек қағып, та-
нау көтере салатын кісі емес ол.
– «Сәлем!» дедім. Ол кісі де сәлемімді қабылдап, күлмең
қағып, күле сөйлеп еді ғой...
– Кісінің қадір-қасиетін білмей барасың... Кесірленіп, кей-
киіп сәлем беру анайылық екенін білесің бе, сірә?
– Ол кісі жайраңдап, жақсы амандасып кетті ғой... Мен
кесірленгем жоқ, Жәке.
– Балам, ондай үлкен кісіге «сәлем» деп иек қаға салмай,
адамша амандасу қажет. Амандасу дегеніміз – адамның
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
амандығына қуанып, ақ ниетін білдіру болады.
– «Сәлем» демегенде не дейміз?
– Амандасудың да мән-мағыналары болады. Жай «сәлем»
дей салу – өз қатарыңа, асығыс кезінде айта салатын сөз.
– Онда тұрған не бар? Сіз де қызық екенсіз, Жәке.
– Өтекеңдей үлкен кісіге «ассалаумағалайкүм» немесе
«амансыз ба?», «сау-сәлеметсіз бе?», «аман-есенсіз бе?»
деген сөздердің бірі аузыңа түспеді ме?
– Сол сөздерді бәрі де «сәлем» деген бір сөзбен мәндес
емес пе?
– Олай емес. «Сәлем» деген – жай ғана амандасу. «Аман-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
сыз ба?» деп амандасушы ізетпен сәлем берсе, ол сөз адам-
ның амандығына, қуанышына тілектес екендігін білдіреді.
– Ал, «аман-есенсіз бе?» деген сөздің не қажеті бар?
– «Сау-сәлеметсіз бе!», «Аман-есенсіз бе?» деп аманда-
сушы тілектестік қуанышын кеңейте айтып, жақсы ниетін
білдіреді.
– Мен де ол кісімен жақсы ниетпен амандастым ғой,
Жәке.
– Жетесіздей жеңіл-желпі жай бас изей салдың... Ол –
әдепсіздік.
100
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.