Page 99 - Казак адебиетi_Окулык 5-сынып
P. 99

special.edu.kz.
 special.edu.kz.




                               ЖАҚСЫ ДЕГЕН НЕ,                                                   special.edu.kz.
                              ЖАМАН ДЕГЕН НЕ?


 special.edu.kz.                        Әдепті  қыз                                              special.edu.kz.
                                           special.edu.kz.




            Әсем әженің Маржан деген немересін жұрт әдепті қыз

        деп жақсы көреді.
            Маржан әдептілігін ең әуелі от басында, әжесі мен ата-
        сына көрсетіп жүр. Ол ерте тұрып, атасына келіп, оң қолын
        кеудесіне қойып күлімдеп:
            – Қайырлы таң, ата! – дейді.
            – Таң қайырлы болсын, жарығым! – деп атасы риза бола-
        ды.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
            Әдепті қыз әжесімен бірге дастарқан жаяды да, астың
        алдын атасына ұсынып:

            – Ас болсын, ата! – дейді.
            – Иншалла, ас болсын, әмин! – деп, атасы бата қылады.
            Астан соң ақ жарқын ата ас қайырып, Маржан мен әже-
        сіне рақметін айтады.
            – Асыңыз сіңімді болсын, ата! – дейді Маржан.
            Маржан мектепте екінші ауысымда оқиды. Кешкісін мек-
        тептен келіп, атасына сәлем береді:

            – Кеш жарық, ата!
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
            – Кешіміз жарық болсын, жарығым! – деп, атасы Мар-
        жанның маңдайынан сүйеді. Немере қызы мәз болады.
            Бүгінгі кеш қызықты өтті. Маржан сабағына дайындалып
        болған соң, атасына:
            – Жүзіңізден әр таймай,
            Жүз жасаңыз қартаймай, – деп тақпақ айтып берді.
            Ол жатар мезгілде атасына келіп:
            – Ата, жайлы жатып, жақсы тұрыңыз, – деді.                               97




 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
   94   95   96   97   98   99   100   101   102   103   104