Page 94 - Казак адебиетi_Окулык 5-сынып
P. 94

special.edu.kz.
 special.edu.kz.



                 Кеспені біз күніне бір-ақ мезгіл – кешке жатар алдында                          special.edu.kz.
             ғана ішеміз. Одан басқа күн ұзаққа ішеріміз – шай, жейті-
             німіз – құрт пен ірімшік. Оның өзін де Бізәләң тоқ-жарау
             боларлық мөлшерде шамалап қана береді. Нан ол үйде аз
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             болады.
                 Асқа сонша сараң Нұртазаның үйі киім-кешек, төсек
             орынға да аса сараң.
                 Нұртазаның үйі таң қараңғысынан тұрады, өйткені мал
             жайлау керек: мал жатқан орынды тазалау керек, малға шөп

             салу керек, біраз отықтырғаннан кейін суару керек...
                 Қыс Нұртазаның қорасында жүзден астам сиыр, екі-үш
             жүз қой, онға тарта жұмыс жылқысы күтіледі... Оларға кү-
             ніне үш мезгіл шөп беріп, бір мезгіл суарудан, қораларды
             тазалаудан дыңдай екі-үш қарулы жалшы жігіт таң қараң-
             ғысынан бастап, ымырт жабылғанға дейін босамайды. Бұ-
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             ған қоралар мен ұя алдының, шарбақ ішінің қарын тазалау
             қосылады. Біз сипаттап отырған қыстың бораны көп болға-
             нын білеміз. Кейде үй алдына, шарбақ ішіне үйілген күртік
             тау боп кетіп, жүретін жолды жалшылар әрең ашады. Бо-
             ран ашылғаннан кейін, тау боп үйілген қарды сыртқа апарып

             төгу керек... Осы жұмыстардан Нұртазаның жалшылары күн
             сайын кешке сүрініп жығылады... Кейде олардың кешкі ас-
             тарын ішуге де шамалары келмейді...
                 Нұртазаның үйінде мен де қарап жата алмаймын... Жал-
             шылармен бірге жататын мен солармен бірге тұрып, қолым-
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             нан келетін жұмысты атқарып бірге жүрем... Өйтпейін де-
             сем, Бізәләң: «Арамтамақ!» – деп көзге шұқиды.
                 Ешқайда қыдырмаймын, қыдырайын десем, Нұртазаның
             үй-іші ұрсады. Әсіресе кешке қыдыртпайды... Бірер рет кеш-

             ке қыдырам дегенде, түнде есік ашпай қойды...
                 Кәрәсін жағуды шығын көретін ол үй іңір асын ертерек
             ішеді де, жатады... Қалжыраған жалшылар тез қор ете түс-
             кенімен, мен кей күндері көпке дейін ұйықтай алмаймын...



             92
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
   89   90   91   92   93   94   95   96   97   98   99