Page 89 - Казак адебиетi_Окулык 5-сынып
P. 89

special.edu.kz.
 special.edu.kz.



            Менің атам әңгімешіл. Аппақ сақалын тарамдап, ол кісі                                special.edu.kz.
        арғы ата-бабаларымыз туралы көп әңгіме шертеді. Мен ата-
        ма келіп:
            – Ата, сіз менің ататегім туралы не білесіз? – дедім.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
            – Е, балам, әкең болса – ұстаз, атаң – мен зейнеткермін.
            – Ата, біздің Әділ ағай «жеті аталарыңды біліп келіңдер»
        деді. Оның қандай мәні бар?

            – Бабаң атбегі болған, арғы атаң Қабанбай батыр бол-
        ған... Солардың мұрагері болып, ата даңқына кір келтірмей
        өс, балам, – деді атам.
            – Жеті атаға дейін бәрінің аты-жөнін білудің маған не қа-
        жеті бар?
            – Е, балам, қазақта «жеті атасын білмеген жетесіз» деген
        сөз бар...
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
            – Ата-ау! Сонда мен «жетесізбін» бе?!
            – Сен жетесіз болмау үшін, ататегіңді біліп ал. Солардың

        жолын қу. Қабанбай бабаңдай батыр бол.
            – Ата, мен қалай батыр болам?! Қазір соғыс жоқ қой...
            – Е, балам! Ылайым, соғыс болмасын. Еліңе ерінбей ең-
        бек сіңірсең, батырлық деген – сол...
            – Ата, сонда мен жеті атамның бәріне айнымай тартуым
        керек пе?
            – Ататекті біліп, олардың жолын қуып, ата-бабаны ардақ-

        тасаң, тегіңе тартып, әдепті болсаң, текті болу деген – сол.
            – Ата, өз ататегімді біліп, басқаларды білмей-ақ қойсам
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
        не болады?
            – Әрбір жақсы адам әуелі өз ататегін, содан соң ұлтын,
        одан кейін бүкіл адамзатты ардақтап, нағыз Адам болуы ке-
        рек, балам.
            – Ата, мен ататегімді біліп алайын... енді... Иә ма?
            – Ол – сенің перзенттік борышың, балам! Ататекті білу –
        әдептілік, – деді атам. Сөйтті де, маған ол қызықты мысал-

        дар айтып берді.                                                             87



 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
   84   85   86   87   88   89   90   91   92   93   94