Page 86 - Казак адебиетi_Окулык 5-сынып
P. 86
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Киіз үй special.edu.kz.
Атам менің айбынды,
Атам менің сүйікті.
Алаңқайға шалғынды
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Киіз үйін тігіпті.
Керегесі байлаулы
Атам үйі дөңгелек.
Ақша бұлттан аумайды
Қона қалған жерге кеп.
Әрі жарық, әрі кең
Ақ сарайдай бұл бөлме
Жасауымен, сәнімен
Қызықтырады кіргенде.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Алашаның жердегі
Ашық екен өрнегі.
Текеметтен төрдегі
Көзімді алғым келмейді.
Көрінетін көк аспан
Құйылатын Күн нұрлы,
Терезедей кең ашқан
Төбедегі түндігі.
Керегеден күнұзын
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Еседі тау самалы.
Кешке қарай киізін
Қайта жауып алады.
Асыр салып ойнауға
Осы үй екен дұрысы.
Тәртіп бұзып қойғанда,
Тұрғызар жоқ бұрышы.
(Қ. Баянбаев)
84
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.