Page 92 - Казак адебиетi_Окулык 5-сынып
P. 92

special.edu.kz.
 special.edu.kz.



                                         Борыш пен парыз                                         special.edu.kz.

                 Менің атам Асан көкем сияқты сақал қоймайды. Бурыл
             тартқан шашы толқынданып маған күлімдей қарайды. Көке-
             ме ұқсас атам маған ерекше сымбатты, сұлу көрінеді. Атам
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             бос отырмайды, кітап не газет оқып отырды. Кеше мектеп-
             тен келген маған атам:
                 – Иә, балам, бүгін  маған қандай сауалың  бар? – деді
             әдетінше.
                 Мен әдеп сабағында Әділ ағайдың: «Келесі сабақта «бо-
             рыш», «парыз» деген сөздердің мәнін талдаймыз» деген
             тапсырмасын айттым.
                 Атама:
                 – Ата, «борыш» деген не? – деп сұрақ қойдым.
                 Атам әдеті бойынша, әуелі аңқылдап бір күліп алды да:
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                 – «Борыш» деген сөздің мағынасы зор, балам. Ата-анаң
             сені тәрбиелеп өсіреді. Сен өскенде ата-анаңды асырап,
             оларға қызмет етуге міндеттісің. Ол міндетті халқымыз «бо-
             рыш» деп атайды, – деді.
                 – Кешіріңіз. Борыш деген кәдімгі өзіміз ішіп жүрген нәрсе
             екен деп ойлап едім, – деп, мен атамнан кешірім сұрадым.
                 – Әрбір сөздің мағынасын түсініп ал, балам, – деп, атам
             тағы да күлді.
                 – Ал, «парыз» деген не, ата?
                 – Әрбір саналы адам өсе келе ата-анасына, еліне, Отаны-
             на, қолынан келсе, бүкіл адам затқа жақсылық жасап, адам-
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             дық міндеттерін орындауға тиіс. Бұл «парыз» деп аталады.
             Туған елге қызмет ету – перзенттік парыз болады.
                 – Ата, «борыш», «парыз» деген сөздердің мағынасын енді
             түсіндім.
                 – Сөздің мәнін терең түсінгенің жақсы, балам.
                 – Ата, амандық болса, көресіз, мен өскенде ата-ана ал-
             дындағы борышымды, ел алдындағы перзенттік парызымды
             өтеймін.





             90
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
   87   88   89   90   91   92   93   94   95   96   97