Page 112 - Казак адебиетi_Окулык 5-сынып
P. 112
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Барлық мамандық жақсы special.edu.kz.
Аяжанның апасы дәріханада жұмыс істейді. Ол ауырған
адамдарға дәрі дайындайды. Ол – фармацевт.
Аяжан апасының дәріханасына жиі барады. Ол жер оған
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
өте ұнайды. Тап-таза, барлығы өз орнында. Дәрілердің көпті-
гі соншама, адам таңғалады. Апасының үстінде аппақ халат,
басында ақ қалпақ. Тып-тыныш. Бұл жерде шулауға, қат-
ты сөйлеуге болмайды. Аяжанға апасының жұмысы қатты
ұнайды. Ол: «Мен үлкейгенде, апам сияқты дәрі сатамын», –
деп армандайды, бірақ кейде мұғалім де болғысы келеді. Ал
ұшып бара жатқан ұшақты көргенде, ұшқыш та болғысы ке-
леді. Мамандықты таңдау оңай іс емес екен. Қатты ойланған,
толғанған Аяжан әкесінен ақыл сұрайды:
– Әке, әкетай! Айтшы, мен кім болайын?
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
– Мамандықтың бәрі жақсы. Өскен соң өзің таңдап алар-
сың, – деді күлімдеген әкесі.
(Б. Соқпақбаев)
1. Дұрыс жауапты таңда.
Дәріхана – бұл ... . Нұсқалар:
а) тамақ өнімдері сатылатын жер;
ә) билет сатылатын жер;
б) дәрі-дәрмек сатылатын жер.
Фармацевт – бұл ... адам. Нұсқалар:
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
а) тоқаш пісіретін;
ә) дәрі дайындайтын;
б) газет сататын.
Дәріні ... сатып алуға болады. Нұсқалар:
а) достарының ақылы бойынша;
ә) дәрігердің берген рецептісі бойынша;
б) әжесінің өтініші бойынша;
в) құрбысының қалауы бойынша.
110
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.