Page 141 - Казак адебиетi_Окулык 5-сынып
P. 141
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Омарташы ата special.edu.kz.
Болат балды жақсы көретін, бірақ балды қайдан, қалай
алатынын білмейтін. Дастарқанға бал қойса, тамыза-ма-
мыза, шай қасықпен не аузына, не кеседегі шайына салып,
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
жүрегі қайтқанша тойып алатын. Кейде дастарқанда бал
болмай қалса: «Апа, бал қайда?» – деп сұраушы еді. «Бал
жоқ», – десе, еркелеп жы-
лап алатын. Мамырдың аяқ
шені. Көкте де, бақ та түрлі
құстар сайрап, ұшып-қонып
жүр. Гүл жарған өсімдіктер
қауызына аралар қонып,
шырын сорып гу-гу етеді.
Болат олардың бал іздеп
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
жүргенін сезген жоқ. Дала-
бай атасының үйіне жақындай бергенде, оқтай тізіліп тұр-
ған кішкене шатырлы үйшіктерді көрді. Бұрын аңғармаған
еді. Ішінен: «Япыр-ай, ә! Далабай атам кішкентай үйді сонша
неге көп жасады екен? Ішіне қалай сыяды?» – деп таңғал-
ды. «Мүмкін, үйшіктер толған бал шығар», – деп, омартаға
жақын келсе, кішкентай тесіктен ерсілі-қарсылы кіріп-шы-
ғып жүрген араларды көрді. Біраз тамашалап тұрды. «Бұл
үйшіктің есігі қайда?» – деп айнала қарап еді, есік көрінбеді.
Жақын барып қолымен сипап көргісі кеп, омартаны ұстады.
Есік сияқты бір тақтайды тартып еді, ашылмады. Қаттырақ
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
тартқанда, омарта қозғалып кетті. Аралар гу етіп ұшып шы-
ғып, бірнешеуі Болатқа жабыла кетті. Беті ашып, дуылдап
кетті. Қолын сермеп қорғанайын деп еді, аралар одан әрі
өшіге түсті. Болат шыдай алмай, ойбай салып жылап жібер-
ді. Бала дауысын естіген Далабай қарт үйден шығып, жүгі-
ре басып Болаттың жанына келді. Басындағы торын кигізе
салды да, көтеріп ала жөнелді. Болат бақырып жылап жүр.
special.edu.kz. special.edu.kz. 139 special.edu.kz.