Page 144 - Казак адебиетi_Окулык 5-сынып
P. 144

special.edu.kz.
 special.edu.kz.



                 Ердос қойды шоқыға қарай айдады. Қоймас пен Таймас                              special.edu.kz.
             тауды басына көтеріп үріп, қарда аунады. Отар басшысы
             ара-арасында басын көтеріп, тың тыңдап қояды. Атқа мін-
             ген Ердос нағыз шопан сияқты қолына ұзын қамшы ұстап,
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             отарын бақылап тұрды. Ол атасының түлкі тымағын, ауыр
             тұлыбын киген. Қар басқан тау шыңдары балаға ұйықтап
             жатқан батырлар сияқты болып көрінді.
                 Атасы осы жолы қатты ауырды. Ердос отар    иесінің бар
             міндетін өзіне алды: таңертең малға шөп береді, қозыларды

             жамыратады,  қой  бағады.  Ал  түстен  кейін  атасына  Қобы-
             ланды батыр туралы жырды оқып береді. Ердос осының ал-
             дындағы демалысында таңертеңнен кешке дейін ойнайтын,
             ал енді ойнауға уақыты да жоқ.
                 Бір апта өткеннен кейін атасы жазыла бастады. Бір күні
             Ердос атасынан:
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                 – Отар басшысы ауа райының бұзылатынын қайдан біле-
             ді? – деп сұрады.
                 Атасы немересінің білгісі келген талабына қуанып, оған
             түсіндіре бастады:
                 – Жануарлар табиғатпен біртұтас. Сезімтал, байқампаз

             адам оның тілін түсіне біледі. Мысалы, қатты аяз алдында
             сиыр басын шайқап, мазасыздана бастайды. Біздің сиырды
             бақылашы, өзіңнің көзің жетеді. Ал бота боран алдында ана-
             сына жақындап сүйкеніп жүреді. Ал ересек түйе боран ал-
             дында тұншыққандай, аузын жиі-жиі кең ашады. Егер бүркіт
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             ұясын күн жаққа салса, суыр төбенің астына жаңа ін қазса,
             қыс суық болады. Бұндай жылдары қасқыр бөлтіріктерін тө-
             зімділікке, алдағы қиындықтарға төзе білуге тәрбиелеу үшін
             оларды өздерімен бірге аңға алып шығады. Қатты боранда

             мал төменге түсуге тырысады, нөсер жаңбыр алдында тыш-
             қандар ұясын тобылғы бұтасынан алыс жерге қазады...
                 – Ата, осының бәрін қайдан білесің? – деп немересі таң-
             ғалды.



             142
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
   139   140   141   142   143   144   145   146   147   148   149