Page 153 - Казак адебиетi_Окулык 5-сынып
P. 153
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Оларды құрметпен қарсы алып, сый-сияпатпен шығарып special.edu.kz.
салатын. Ал күйшілер осы ауылдың құрметіне, ауыл адамда-
рына деген ризашылығын білдіру мақсатында оларға жаңа
өлең немесе күй сыйлайтын.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Қазір де күйшілер қазақтың халық күйлерін ойнайды.
Күйшілер мемлекетіміздің тәуелсіздігі туралы жырлайды,
Отанымызға деген махаббатты үндейді.
Көптеген заманауи музыканттар күйді орындауды үлкен
дәреже деп санайды.
Халық музыкасы – халық мұрасы, оны еліміздің әр азама-
ты қорғай және құрметтей білуге міндетті!
Құрманғазының шәкірті
Динаның әкесі Кенже балуан және
special.edu.kz. белгілі домбырашы болған екен. special.edu.kz.
special.edu.kz.
Қызы Динаға 8 жасынан бастап-ақ
сол өнердің қыр-сырын үйрете бас-
таған. Әкесі Динаның домбыра тар-
туға тез үйренгеніне қатты қуанып,
қызына барынша қолдау көрсетті.
Дина ата-ана шаңырағында бұлаңдап
өскен жас кезінің өзінде-ақ Дәулет-
керей, Мүсірәлі, Әлікей, Түркеш сияқты күйшілердің күйін
нәшіне келтіре тартып, төңірегі оны «домбырашы қыз» деп
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
атаған. Қаршадай қыздың даңқын естіп, әйгілі Құрманғазы
арнайы іздеп келген. Ол Динаның домбыра тартысына сүй-
сініп, болашағынан үлкен үміт күтіп батасын берген. Осы-
дан кейін Динадан көз жазбай, үнемі айналып соғып, дода-
лы күй айтыстарына ертіп барып жүріп, домбыра тартудың
терең сырларын үйретеді. Дина тоғыз жасынан бастап он
тоғыз жасына дейін, қашан ұзатылғанша, Құрманғазының
баулуында болады. Құрманғазыдай күйшінің ұстаз болуы
Динаның ғана бақыты болып қойған жоқ, исі қазақтың күй
өнерінің бақыты болды. 151
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.