Page 158 - Казак адебиетi_Окулык 5-сынып
P. 158

special.edu.kz.
 special.edu.kz.



                                       Ақ қайыңның ажалы                                         special.edu.kz.

                 Біз қалада тұрамыз. Бес қабатты сәулетті үйдің ауласы-
             на жас талдар отырғызылды. Төртінші сыныпта оқитын бес
             оқушы бірігіп, «Табиғатты қорғау – әдептілік» деген топ құр-
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             дық.
                 – Ауладағы талдарды  күтейік,  – деді  Асқар  досым.  Ол
             әкесі сияқты күлімдеп, салмақпен сөйледі.
                 – Мен мына ақ қайыңды күтуге алайын, – дедім.
                 – Әуелі талдардың түбін қопсытып қою керек, – деп Кө-
             кен досым ақыл қосты. Өзі – қызық. Қалың қасты қабағын
             керіп, кербезденіп сөйлейді.
                 Біз талдарды жеке-жеке таңдап алып күттік. Ауламыздағы
             талдар құлпырып тұр. Менің ақ қайыңымның жапырақтары
             жел соқса сылдыр қағып ән салғандай болады. Самал соқ-
             са, Тепеннің терегінің жапырақтары жапырлап «қол соғады».
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             Басқа талдар ырғалып оларды қостап тұрады. Қаттырақ жел
             соқса, талдар бізге рақмет айтқандай бастарын иеді...
                 Бірақ бір күні қайғылы оқиға болды. Көршіміз Көкейдің
             менен бес жас үлкен Балпақ деген баласының ақ қайыңды
             шұқылып тұрғанын көрдім.
                 Өзінің тыртық шекесі тершіп, жалпақ мұрны пышылдап
             кетіпті.
                 – Бақай, не істеп тұрсың? – дедім.
                 – Әділет, мына қызықты қара! – деп, ол қайыңның діңгегі-
             нен шып-шып шығып тұрған суды көрсетті.
                 – Бұл қандай «қызық»?
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
                 – Әй, мұның не? Ақ қайың жылап тұр ғой! Мен қайыңның  special.edu.kz.
                 – Міне! Қайыңның діңгегіне укол саламын.
                 – Неге? Ол ауру емес қой.
                 – Міне, былай нетіп, біз сұғып, ол жерге түтік қойсақ, қа-
             йың шырын береді... Міне, былай ішіп көрші...


             көз жасын ішпеймін! – деп шошып кеттім.
                 Балпақ содан былай күнде мен жоқта ақ қайыңның шы-
             рынын ағыза беріпті. Ақ қайың әуелі жапырақтарын тастап,
             кейін біржола солып қалды.

             156
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
   153   154   155   156   157   158   159   160   161   162   163