Page 162 - Казак адебиетi_Окулык 5-сынып
P. 162

special.edu.kz.
 special.edu.kz.



                                     Ардақ пен көгершіндер                                       special.edu.kz.

                 Көгершіндер, кептерлер,
                 Текке менен үрікпеңдер,
                 Тереземе қоныңдар,
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                 Аулаққа ұшып кетпеңдер.


                 Дән шашайын, жем десең,
                 Су қояйын шөлдесең,
                 Тоқ жүрсеңдер жарайды,
                 Құрқылдасып күнде есен.


                 Қарағаның біртүрлі,
                 Келтіргендей күлкімді,
                 Қара моншақ көздерің
                 Қарамықтай сүйкімді.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.

                 Ұшқыш дейді сені ағам,
                 Қуанамын мен оған.
                 Жүргенің де тәрізді
                 Жерден бір зат санаған.


                 ...Көгершіндер, кептерлер,
                 Аулаққа ұшып кетпеңдер,
                 Қылдан тұзақ құрмаймын,
                 Текке менен үрікпеңдер!
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                                              (Ә. Ахметов)

                 1.  Бұл өлеңді оқығанда  сенде қандай сезім пайда болады?
                     Өлеңнің кейіпкерін қандай бала деп ойлайсың?

                     Оны табиғаттың досы деп айтуға бола ма? Неге?


                      2. Сөздердің мағынасын түсініп оқы.
                 Қылтұзақ – құстарды аулауға арналған құрал.

                 Ойлан, қылтұзақ жақсы зат па немесе жаман зат па?


             160
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
   157   158   159   160   161   162   163   164   165   166   167