Page 164 - Казак адебиетi_Окулык 5-сынып
P. 164

special.edu.kz.
 special.edu.kz.



                                 Тұрмайды бұл құс біз жақта,                                     special.edu.kz.
                                 Тұрағы мәңгі мұз жақта:
                                 Тоңуды маңғаз білмейді,
                                 Талтаңдап мұзда билейді.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                                                               (Ә. Табылдиев)



                      1. Пингвиндер қай жерде мекендейді? Біздің елде пингвиндер
                      бар ма? Бар болса, қай жерде? Неге?
             Пингвиннің мінезі қандай?


                      2. Пингвиндердің жанұясы туралы
                      шағын әңгіме құрастыр.

                 3. Пингвиннің жүрісін көрсет. Оның
             жүрісі неге ондай?
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.


                                           Бұлбұлдың әні
                 Жолдасым Әбдеш екеуміз тоғай аралап жүріп, бір бұта-
             ның түбіне келіп отыра кеттік. Таза ауада, мамықтай жұмсақ
             көк шөптің үстінде жайғасып, өткен-кеткенді әңгіме еттік.
             Кейде бір нәрсеге таласып, керілдесіп те аламыз. Шынымды
             айтсам, Әбдеш менен көп біледі. Оның оқығаны да, тоқыға-
             ны да, байқағыштығы да менен көш артық. Қанша қызыл ке-
             ңірдектеніп талассам да, мені жеңіп, сөзбен тоқтата біледі.
             Мен онымен бәстескенде жеңе қояйын демеймін, Әбдешті
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             ызаландырып, бір нәрсені білейінші деп әдейі жармасамын.
                 Осылай отырғанымызда бір сыйықсыздау, сарғыш, бар-
             мақтай құс бұтаққа қонып алып, даусы дірілдеп, қарлыққан-
             дай қырылдап «сайрай» бастады.
                 – Мына бір не дауысы, не түрі жоқ сұмпайы, қырқылдап
             сөзімізге бөгет болды-ау, – деп едім:
                 – Бұл құсты сен танымай тұрсың ба? – деді Әбдеш. – Сұң-

             қылдата ән салатын бұлбұлдың өзі емес пе?
                 –  Сен мені алдама, дәл осы құсың бұлбұл емес.


             162
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
   159   160   161   162   163   164   165   166   167   168   169