Page 22 - Казак адебиетi_Окулык 5-сынып
P. 22
special.edu.kz.
special.edu.kz.
– Жақсылыққа жамандық бар, не үшін десеңіз: менің special.edu.kz.
жемісіммен қанша адам күн көріп пайдаланып тұрса да,
жемісімді жан ауыртпай қолымен алмай, түбімнен қатты
ұрып, жемісімді жерге түсіріп алып жейді, – деді.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Жылан Әлімнің мойнына тағы бір оралды. Әлім тағы да
жыланға жалынды.
4. Онан кетіп, бір итке жолығады. Ит те айтты:
– Жақсылыққа жамандық бар, мен иеме күні-түні ұйықта-
май, мүлкін, малын, өзін қорғап, күзетіп қызмет қылып едім,
ақырында мен қартайып ауру болған соң, таяқтап ұрып, мені
қуып жіберді, – деді.
Жылан және бір оралып: «Енді шағамын», – деді.
Әлім айтты:
– Енді тағы біреуге жүгінейік, төрелік тағы да саған тисе,
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
шаға бер.
5. Сонан шығып ойнап жүрген бір топ балаларға келеді.
Ішінде бір бала Әлімге сәлем береді. Әлім сәлемін алып, сол
балаға істің мәнісін айтты.
Бала естіп болып:
– Әй, ата, бекер сөйлейсің, осы қолыңдағы кіп-кішкентай
сандықшаға мойныңа үш оралған әйдік жылан сыюшы ма
еді? – деді.
Сонда жылан да айтты:
– Бұл сөз рас, – деп.
Бала тіпті нанбады: «Бұл сөзге көзбен көрмей кісі нанып
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
болмас», – деп.
Сонда жылан баланы нандыру үшін иіріліп барды да, ма-
нағы қобдиға кіріп жата қалады.
Бала сонда тарс еткізіп сандықты жауып, бекітті де: «Апа-
рып алған орнына қойыңыз», – деп Әлімнің қолына берді.
(Ы. Алтынсарин)
20
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.