Page 17 - Казак адебиетi_Окулык 5-сынып
P. 17
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Сауысқан мен көкек special.edu.kz.
Ертеде сауысқан мен көкек бір
орманды мекендепті. Олар ұяла-
ры болмай, ағаштың бұтақтарын
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
паналап күнелтіпті. Көкек күнде
ерте тұрып алып: «Ұя керек, ұя
керек», – деп, көршілерінің ма-
засын кетіреді. Бір күні сауысқан
көршісіне:
– Екеуміз бірігіп берік ұя істейік. Әуелі саған, содан кейін
маған салармыз, – дейді. Көкек:
– Менің ұя салатын қуатым да, құралым да жоқ. «Керек,
керек» деп қақсай берсем, құстың бәрі ағайыным, көп бо-
лып көмектесіп, ұя салып берер, – деп келіспейді.
Сауысқан көкектің көмегін күтпей-ақ ұя салуға кірісті. Ол
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
ұясының қабырғаларын жас бұтақтармен берік етіп өрді.
Оларды шыммен, өсімдік тамырларымен мықтап байлады.
Іші-сыртын саз балшықтармен сылады. Кішкентай бұтақтар-
дан құрастырып шағын қақпалы есік жасады. Ұяның түбіне
мамықтан төсек төседі. Ал көкектің «керек, керек» деп қақ-
сай-қақсай дауысы қарлығып, тілі сақау болды. Ол кейін-
гі жылдарда «керек» дегендегі «р»-ды айта алмай, «керек»
деудің орнына «көлек, көлек» дейді. Сондықтан жұрт оны
кекетіп «көкек» деп атайтын болды. Сол көкектің күні бүгінге
дейін өзімдікі деген ұясы да, үйшігі де жоқ. Жұмыртқасын
кез келген ұяға салады, оны басқа құстар басып, балапан
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
шығарады. Балапандар жетім өседі.
1. Бұл аңыздың түрін анықта.
1) Географиялық атау туралы аңыз.
2) Құстар туралы аңыз.
3) Жануарлар туралы аңыз.
4) Адам туралы аңыз.
special.edu.kz. special.edu.kz. 15 special.edu.kz.