Page 13 - Казак адебиетi_Окулык 5-сынып
P. 13

special.edu.kz.
 special.edu.kz.



        қолыма алсам, бұдан да жақсы тұрар едім. Дүниедегі жан-                                  special.edu.kz.
        дылардың ең тәтті қандысын жер едім», – деп армандайды.
        Ол қан дәмін айыра алатын Масаны шақыртады.
            Патша Масаға:
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
            – Жержүзін аралап, өсімдіктердің дәмін татып, жанды-
        жансыздардың қанын сорып қайт. Сондай-ақ қаттыдан тас-
        тың, жұмсақтан топырақтың да дәмін ал. Дүниедегі ең тәтті
        зат бұдан былай менің тамағым болады, – деп Масаны жұм-
        сайды.
            Күн артынан күн өтіп, Маса өсімдік пен жандылардың ең
        тәттісін біліп алып, патшасына қарай әуелей ұшып, әндетіп
        келе жатқанда Қарлығаш кез болады.
            – Иә, Маса досым, патшамыз-
        ға ең тәтті тамақ іздеп кетті деп
        естіп едік, таптың ба?
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
            Маса Қарлығашты менсінбей,
        сұрағына жауап қатпай зулай
        жөнеледі.
            – Ә, ә, түсіндім, түсіндім! Жо-
        лың болып, іздегеніңді  тапқан
        екенсің, достым! Азаматсың! – деп, Қарлығаш Масадан сыр
        тарта мадақтай сөйледі.
            Бұл мақтауға Масаның есі шыға масаттанып:
            – Патшамыздың тамағына кімді тапқанымды білдің бе?
            – Е, Маса досым, мен не білуші едім? Сенен денемнің үл-
        кендігі болмаса, ақылым аз емес пе?! Сен патшаның ақыл-
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
        шысысың. Кәне, төрем, айтшы, ардақты патшамыздың та-
        мағына кімді таптың?
            Маса еліре түсіп:
            – Дүниеде патшамызға  лайықты ең тәтті тамақ – адам-
        ның қаны екен.
            – Менің ақылымның қысқалығы осы емес пе, маса төрем!
        Адамның қаны дегенге сенер-сенбесімді білмей келемін.
        Шешем: «Дүниеде тәтті қанды тауып, дәмін татқанның тіліне
        алтын мөр түсіп қалады», – деуші еді. Кәне, тіліңді шығарып,
        мөріңді көрсетші!                                                            11

 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
   8   9   10   11   12   13   14   15   16   17   18