Page 10 - Казак адебиетi_Окулык 5-сынып
P. 10
special.edu.kz.
special.edu.kz.
2. Мақалдарды оқы. Тіл сөзі кездесетін мақалдарды көшіріп special.edu.kz.
жаз.
1) Піл көтермегенді тіл көтереді.
2) Тамшы тас жарады, тіл бас жарады.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
3) Ана тілің алпыс тілге татиды.
4) Тіл мәртебесі – ел мәртебесі.
5) Тіл сүйексіз болса да сүйектен өтеді.
6) Тіл – ақылдың өлшемі.
7) Тіл жүйрік емес, ой жүйрік.
8) Адамға келген он пәленің сегізі тілден.
9) Өз тілің бірлік үшін, өзге тіл тірлік үшін.
10) Тілі өлген ел – тірі өлген ел.
Қожанасырдың жауабы
емес, сары да емес, жасыл да емес, қоңыр да емес, сұр да special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz.
Қожекең бірде бояу шеберханасын ашады. Шеберханаға
келіп-кетіп жатқандардың бірі Қожекеңді мұқатпақ болып:
– Қожеке, мына бір затты ешкім естімеген, ешкім көрме-
ген, яғни қара да емес, ақ та емес, көк те емес, қызыл да
емес, бір түске бояп берші, – дейді.
Қожанасыр оның кекесінін түсіне қояды:
– Жарайды, айтқаның болсын, тастап кет.
– Қашан келейін? – дейді анау қулығын асырдым деп мәз
болып.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
– Қашан келсең де өз еркің. Бірақ сен келетін күн дүйсен-
бі де, сейсенбі де, сәрсенбі де, бейсенбі де, жұма да, сенбі
де, жексенбі де болмасын, – дейді сонда Қожанасыр.
1. Аңыз әңгімені рөлдерге бөліп оқыңдар.
2. Тапсырыс беруші затты қандай түске боя деді?
3. Қожанасырдың жауабын оқып бер. Қожанасыр неге олай деп
жауап берді?
8
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.