Page 128 - 5.3.1
P. 128

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



                                         Көктем сәні неде?                                       special-edu.kz.

                 Көктем  келді.  Жан-жануарлар  ұйқысынан  оянды.
             Жылы жақтан құстар келді. Ағаштар бүршік жарды. Ас-
             панда ұшып жүрген көгершін өзін мазалаған сұрағына жа-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
             уап іздеді. Сөйтіп келе жатқанда алдынан торғай кездеседі.
                 – Сәлем, көгершін, – деді торғай.
                 – Сәлеметсіз бе, торғай! – деді көгершін.
                 – Не істеп жүрсің? – деп сұрады торғай.
                 – Мен сұрағыма жауап іздеп жүрмін, – деп жауап берді
             көгершін.
                 – Ол қандай сұрақ?
                 –  Көктем  сәні  неде?  Мен  қасқырдан  сұрап  едім,  ол
             маған: «Гүл», – деп жауап берді.
                 – Мөлдір су, – деді қоян.
                 – Ашық аспан, – деп айтты түлкі.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                 – Еңбек, – деді піл.
                 – Шалқыған көңіл*, – деп жауап қатты аю.
                 – Жылылық, – деді қарлығаш. – Ал сен қалай ойлай-
             сың, көктем сәні неде?
                 Торғай біраз ойланып қалды. Көгершін шыдамсыздана:
                 – Айтсаңшы енді, – деді асықтырып. Сонда торғай:
                 –  Мен  бұл  сұрақтың  жауабына  –  айналадағы  әдемі
             нәрселердің барлығы да көктем сәні дер едім, – деді.

                                                                       (Ш. Русланқызы)

                     шалқыған көңіл – көтеріңкі көңіл
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.


                     1. Торғайды қандай сұрақ мазалады?
                     2. Сұрағына жауапты кімдерден сұрады?
                 3. Торғай аңдарға қойған сұраққа қалай деп жауап берді?


                        Тыңда. Әңгімедегі аңдарды ата.
                        Торғайдың аңдарға қойған сұрағына өзі қалай жауап бер-
                     генін айтып бер.
                     Торғай мен аңдардың сөздерін рөлге бөліп оқыңдар. Әңгімеле.



             126
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   123   124   125   126   127   128   129   130   131   132   133