Page 70 - 5.3.1
P. 70

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



                                          Қар жауған күн                                         special-edu.kz.

                 Қыс. Біз үйде шай ішіп отырғанбыз. Осы кезде даладан:
                 – Бекет! – деп мені біреу шақырды. Қуанып кеттім.
                 Далаға шықсам, Гүлнұр тұр.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                 – Кір, – деп, мен оны үйге шақырдым. Гүлнұр үйге кірді.
             Тәтті күлшемен ыстық сүт іштік. Көкеммен далаға шықтық.
                 –  Дөңге  барып  сырғанақ  тебіңдер.  Тек  алысқа  ұза-
             маңдар. Төбелеспей, кезекпен ойнаңдар, – деп, көкем біз-

             ге ескертті.
                 – Бекет, сен өскенде кім боласың? – деп сұрады Гүлнұр.
                 – Мен бе? Мен ... орманшы боламын. Ағаштан үй са-
             ламын. Орманды қорғаймын. Ағаштар отырғызамын.
                 – Ал, мен суретші боламын, – деді Гүлнұр. – Қыстың,
             ақшақардың суретін саламын.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                 – Иә, Гүлнұр, дәл бүгінгі қыстың көрінісін салшы. Қа-
             рашы, айнала қандай тамаша! Аппақ қар. Аспаннан ақ

             мақтаға ұқсас қар жауып тұр. Қыс мезгілінің ерекшелігі
             осы шығар... – Екі бала айналаға қарап тұрды. Біраздан
             соң олар үйге көңілді қайтты.
                                                                          (Г. Мұқышева)


                     1. Бекеттің үйіне кім келді?
                     2. Апасы екі балаға не берді?
                 3. Балалар көкесімен қайда барды? Олар қалай ойнады?
                 4. «Сен өскенде кім боласың?» деген сұраққа Бекет не деп жа-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                 уап берді? Әңгімеден тауып оқы.
                 5. Гүлнұр өскенде кім болам деді? Ол нені армандады?

                         1.  Оқы.  Балалар  өскенде  кім  болғылары  келеді?  Өз
                     сөзіңмен айт.
                 2. Өзің өскенде кім болуды армандайсың? Айт.
                     Балалардың қыс ерекшілігі туралы айтқан жерін әңгімеден
                 оқы. Әңгімеле.
                      Мәнерлеп  оқы.  Гүлнұр  мен  Бекеттің  сөздерін  рөлге  бөліп
                 оқыңдар. Әңгімеле.


             68
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   65   66   67   68   69   70   71   72   73   74   75