Page 75 - 5.3.1
P. 75

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



                                         Шыршада                                                 special-edu.kz.

            Балалар Жаңа жыл мерекесіне дайындалуда. Ал Ер-
        лан болса, тып-тыныш жүр.
            – Сен қандай киім киесің? – деп сұрады достары.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
            – Мен мерекеге қатыса алмаймын. Демалыста ауылға
        барамын, – деді Ерлан.
            Ерлан ешкімге айтпай «шырша» киімін тіктірді. «Шыр-
        ша»  киімі  жасыл  түсті.  Мереке  күні  Ерлан  «шырша»
        киімін киіп мектепке келді. Көзіне маска киді. Ерланды
        ешкім танымады. Ол көңілді жүрді. Жүргізілген ойын-
        дардың барлығына белсене қатысты. Мерекенің соңында
        үздік киім кигендерге сыйлық берілді. «Шырша» киімі
        бас жүлдені* жеңіп, сыйлыққа планшет алды.
            – Сен кімсің, кәне, шыныңды айтшы? – деді қазылар
        алқасы*. Ерлан аты-жөнін айтты.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
            – Жарайсың, Ерлан! – деді апайы. Оның бұл ісіне сы-
        ныптастары  да  риза  болып,  жеңіп  алған  жүлдесімен*
        құттықтады.
                                                                      (Р. Мұқанова)


                жүлде – жеңісте алған орын
                қазылар алқасы – арнайы баға беретін адамдар,
                топ


                1. Сынып оқушылары қай мерекеге қалай дайындалып жатты?
                2. Ерлан ше? Неге ол «мерекеге қатыспаймын» деді?
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                3. Ерлан сыныптастарына қандай тосын сый дайындады?
            4. Шырша мерекесінің «Үздік киімі» жүлдесін кім жеңіп алды?
            Неге деп ойлайсың?
            5. Райхан апайдың сыныбы Ерланға неге риза болды? Мәтіннен
            тауып оқы.


                   Тыңда. Мерекеде «шыршаға» қандай сыйлық берілгенін айт.
                   Оқы. Ерланның шыршаға киген киімін сурет арқылы ай-
            тып бер.
                1. Әңгімені түсініп оқы. Рөлге бөліп оқыңдар.
            2. Шырша мерекесінде болған оқиғаны әңгімеле.
                                                                                     73
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   70   71   72   73   74   75   76   77   78   79   80