Page 77 - 5.3.1
P. 77
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Терезедегі өрнек special-edu.kz.
Жақан ұйқыдан оянды. Терезе әйнектеріндегі қырау-
ды көріп:
– Ата, терезедегі оюларды қарашы. Оны кім салды? –
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
деп сұрады.
– Ол өрнектерді Аяз салған ғой, – деді атасы.
– Қалай? – деді Жақан.
– Ертеде Аяз деген ата өмір сүріпті. Ол үйлерді аралап
жүреді екен. Бір үйден әженің екі кішкентай баламен
отырғанын көреді. «Балаларға суық тигізбейін»,– деп
Аяз кетіп қалады. Әлгі балалардың ойыншықтары да жоқ
екен. «Не істесем екен?» – деп ол біраз ойланды да, сол
үйге тағы да барады. Терезесіне демімен әдемі ою-өрнек
салады. Балалар оянған соң көрсін деп Аяз кетіп қалады.
Таңертең екі бала терезедегі өрнектерді көреді. Мәз бо-
лады. Содан бастап Аяз терезеге ою-өрнек салуды әдетке
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
айналдырыпты, – деді атасы.
– Оның терезеге ою салып жатқанын көруге бола ма? –
деп сұрады Жақан.
– Жоқ, балам, Аяз адамдарға көрінбейді, – деді атасы.
1. Жақан терезедегі қырауды көріп атасынан не деп сұрады?
2. Жақанның сұрағына атасы қалай жауап берді?
3. Атасы қандай ертегі айтып берді? Әңгімеден тауып оқы.
4. Ойыншығы жоқ балаларды қуанту үшін Аяз не істеді?
Жоспар: 1. Атасының ертегісі.
2. Сары аяздың мақсаты.
3. Екі баланың қуанышы.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
1. Әңгімедегі баланың атын айт.
2. Терезедегі оюды кім салғанын айт.
Оқы. Аяздың балаларға қандай сыйлық жасағаны туралы
айтып бер.
Әңгімені рөлге бөліп оқыңдар.
1. Аяз адамдарға көрінбейді.
2. Аязды біз көрмейміз, тек сеземіз.
75
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.