Page 80 - 5.3.1
P. 80
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Аяз special-edu.kz.
Қыс. Қар қалың жауды. Күн аяз. Жазира мектептен
үйге тоңып келді.
– Түу, дала қандай суық! – деді ол.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
– Тоңып қалдың ба? – деп сұрады атасы.
– Өзім тоңған жоқпын, екі бетім тоңды. Мұрнымның
ұшы тоңды,– деді Жазира.
– Ештеңе етпейді, шынығасың. Қыс болған соң аяздың
болғаны жақсы, – деді атасы.
– Ата, аяздың пайдасы бар ма?
– Әрине. Аяздың пайдасы көп. Жаңа жауған қар
қопсып жатады. Аяз қарды қатайтады. Аяз қатты болса,
біз шынығамыз, көп ауырмаймыз. Қатқан қар боранға
ұшпайды. Орнында қозғалмай жатады. Күн жылып, көк-
тем шыққанда ериді. Жерге сіңеді.Топырақтың дымқыл-
та бір түнгі аязға шыдайды. Ертең күн шыққан соң күн special-edu.kz.
special-edu.kz. special-edu.kz.
дығын молайтады. Жер дымқыл болса, астық жақсы
шығады, – деді атасы. Жазира:
– Қатты аяздан аң мен құс зардап* шекпей ме?
– Аяз ұзаққа созылмайды. Жауған қардың артындағы
ызғары* ғой. Әр нәрсеге төзімді* болу керек. Аң мен құс
жылынады. Аяздың болғаны жақсы, – деді атасы.
(Қ. Толыбаевтан.)
ызғары – суығы
зардап – зиян
төзімді – шыдау керек
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
1. Тоңып келген Жазираға атасы не деді?
2. Аяздың қандай пайдасы бар?
3. Қатты аязға аң мен құстар шыдай ма?
Оқы. Аяз туралы атаның не дегенін айт.
Аяздың пайдасы туралы айтып бер.
1. Әңгімені түсініп оқы.
2. Тоңып келген Жазира мен атасының сөздерін рөлге бөліп
оқыңдар.
78
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.