Page 84 - 5.3.1
P. 84
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Қыста болған туған күн special-edu.kz.
Ақпан айы. Қар жапалақтап жауып тұр. Қыстың ең
суық күндерінің бірі келді. Адамдар жылы тон, бастары-
на құлақшын, қолдарына қолғап киіп, аязды күндерді
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
қарсы алуда. Балалар тынбай шана, шаңғы тебуді тоқта-
тар емес. Санаулы күндерден кейін Айбектің туған күні.
Отбасы туған күнге әзірлене бастады. Ералы сыйлық әзір-
лей бастады. Бейсекүл әжесі тоқаш пісірді. Қонақ бөл-
месіне дастарқан жайылды. Қонаққа Әбілхан атасы мен
Роза әжесі, достары Ернұр, Елдос, Жандос, Мансұр, Нұр-
ислам, Рамазан келді. Туған күнге тілек айтыла бастады.
Атасы сөйлеп, өз тілегін айтып, дастарқанды ашты.
– Айбек, туған күнің құтты болсын! Денің сау болсын.
Үлкен азамат бол! – деп, атасы сыйлығын берді.
– Айбек еліміздің батыр жігіті бол! Биіктен көрін! Біз
сенімен мақтанатын болайық, – деп Роза әжесі де тілегін
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
айтты.
Сөз кезегі Ералыға келді.
– Айбек, мен сені туған күніңмен құттықтаймын! Мек-
тепте үлгілі оқушы бол. Атама, әжелеріме, әкеме, анама
денсаулық, бастарына амандық тілеймін! – деді Ералы.
Дастарқан басындағылар мәз-мейрам.
– Періштенің тілегі қабыл болады, – деді атасы.
– Әумин! – деді әжем.
Біз бәріміз де әжемнің айтқанын қайталап: «Әумин,
әумин!» – дедік.
(Д. Айдарханұлы)
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
1. Отбасы қандай мерекеге дайындалуда?
2. Қонаққа кімдер келді?
3. Туған күн қай айда болды? Сол күні ауа райы қандай болды?
4. Айбекке қандай тілектер айтылды?
1. Тыңда. Ералының інісіне айтқан тілегін оқы.
2. Қыста адамдардың қалай киінетінін айтып бер.
Әңгімені түсініп оқы. Айбекке әжесінің айтқан тілегін тауып
оқы.
Оқы. Айбекке атасының айтқан тілегін айтып бер.
82
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.