Page 83 - 5.3.1
P. 83
special-edu.kz.
special-edu.kz.
ІІ special-edu.kz.
Балалар уәде бойынша төбенің маңына жиналды.
Ақниеттің қолында балта, ал Жәнібек кішкене шапқы
ала келіпті. Ал Саматтың иығында күрек бар. Олар көп
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
тұрған жоқ. Суықты да елемеді. Жұмысқа кірісті. Жәні-
бек пен Ақниет құралдарымен мұзды ойды. Қатты болып
қатқан мұзды ою қиын екен. Бірақ Ақниет пен Жәнібек
берілер емес. Екеуі мұзды жарыса ұрады. Ойылған мұз-
дың бөліктері жан-жаққа ұша бастады. Самат мұз кесек-
терін күрекпен шетке тастады. Сәлден соң денелері қы-
зып, тер шыға бастады. Мұз бетінің жалтыры кетті. Жер
тегіс жолға айналды. Адамдар енді жолдан алаңдамай
өтетін болды.
Бір кезде олардың қасына Асан ата келді. Түнгі қара-
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
уылдан қайтқан беті болса керек. Балаларға жақындап
келіп:
– Мына мұзды сендер ме ойған? Жарайсыңдар! Өркен-
дерің өссін!* Елге үлкен жақсылық жасадыңдар! – деді.
«Жақсылық жасадыңдар» деген сөз балалардың көңілі-
не жылылық енгізді. Шаршағандарын да ұмытып кетті
Бір-біріне күлімдей қарады. Құралдарын алып, мектепке
қарай тартты.
(А. Әмірбаев)
өркені өсу – үлкен азамат болып өсу
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
1. Балалар мұзды қалай ойды?
2. Асан ата балалардан не сұрады?
3. Асан ата балаларға қандай тілек айтты?
Тыңда. Балалар қандай жақсылық жасады? Айт.
Асан атаның балаларға айтқан тілегін айтып бер.
Түсініп оқы. Балалардың мұзды қалай ойғанын әңгімеле.
81
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.